ffin.kz

«Үркердің толғағы»

«Үркердің толғағы» https://grandgames.net/puzzle/online/natyurmort_s_dinej_1

Әңгелек пісетін, бидай бас тартатын, таң ұзаратын кез


Биыл жағытұрым басталғалы ауа райы көп құбылып тұр. Жылылығынан салқындығы басым түсуде. Қолданыстағы күнтізбе бойынша, бүгін шілденің – 6-сы. Ай жүйесі бойынша, шілденің – 18-і. Ал 40 күндік Шілде амалы болса, жартысына жуықтап қалды. Ол маусымның 24-іне басталған болатын. Қазақы есеп бойынша, шілде айының келуіне әлі 7 күн бар.


Осы айдың 15, 16-сынан Үркердің толға­ғы амалы басталады. Ауа райының тұрақсыз болуы, күннің күрт салқындауы, жаңбырдың жиілеуі, бәрі-бәрі орын алуы әбден мүмкін. Үркер туған соң жер құрғайды, күн ысиды, шөптердің сабағы қатайып, өзі сарғаяды. Бұл малға да, жанға да жайлы кезең.



Табиғат тамыршысы атанған халқымызда Үркерге қатысты айтылған қанатты сөздері көп-ақ: «…үркер туса таң ұзарады, үркер құрғақ жерге түссе, аңызақ жел көп болып, қуаңшылық болады, үркер тасқа түссе, шіліңгір қатты ыстық болады, үркер көтеріл­се, бидай бас тартады, үркер жерге түспей, жер қызбайды, үркер жерге түсерде қой қыр­қылады, үркер туса, сорпа қоюланады, қой семіреді, үркер көтерілсе, қошқар басын кө­тереді, үркер батқанда таутеке тастан ұша­ды», т.б. осындай пайымдар мен тұжырым­дар толып жатыр. Қазір сорпа қоюланатын, әңгелек пісетін кез. Енді бір аптадан соң шілде қауын піседі. Осы амалдың кезінде малшылар кепешпен өлшеп аздаған тарыла­рын егетін болған. Киіз үйдің маңайына арық қазып, тасқын апатынан (селден) сақтанған.



«Шілденің» соңын ала шөп шабу науқа­ны басталады. Алғашқы орақ «шытыр», «қоңырбас» секілді тез қурап кететін шөп­терге түседі. Қыста туған қозылар осы кезде «бағлан», «марқа» атанып, қоңы көтеріліп қалады.


«Арудан асқан жан бар ма?


Жылқыдан асқан мал бар ма?


Биенің сүті – сары бал,


Қымыздан асқан дәм бар ма?», – деп Ақтамберді жырау толғағандай, қазіргі кезде ел жайлауларында құлын байланып, бие сауу басталды. Ал қымыздың жүздеген ауруға ем екені айтпаса да түсінікті.



…Ай жүйесі бойынша туған айдың бүгін 18-і. Ортасынан ауып барады. Биылғы жаз қанша тұрақсыз болып тұр десек те, жаз жы­лусыз емес. Әрине, өткен жылдарға қараған­да жаз айларының салқын болып тұрғанын жазып жүрміз. Алдағы аптада Алматы мен қала төңірегінде жауын-шашын сирек көрініс беруі ғажап емес. Күннің ыстығы «көтері­леді». Бас шілде амалы жүріп жатқандықтан жел мен сел апатынан сақ болған артықтық етпейді. Оқта-текте болса да жаңбыр жаууы, күн күркүреуі ықтимал. Бірақ бәрібір ыстық сақталады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00