Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үрей билеген үш күн

Үрей билеген үш күн

Әлеумет 11.01.2022, 14:36 1,034
Үрей билеген үш күн
lyubimiigorod.ru

Төтенше жағдайдың алғашқы күндері Алматының медициналық ұйымдары қалай жұмыс істеді?


Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы төтенше жағдайдың алғашқы күндерінде "жедел жәрдем" қызметінің жұмысын көрсетті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Жаппай тәртіпсіздіктер болған күндердегі видеолардан қираған қаланы, №7 қалалық клиникалық аурухананың шағылған терезелері мен сынған есіктерін, "жедел жәрдем" көлігіне жасалған шабуылды, сондай-ақ жараланған адамдарды көруге болады.


№7 қалалық клиникалық аурухана қызметкерлерінің бірі 5 қаңтар күні кешкі уақыттан бастап 8 қаңтар түскі дейін жағдайдың қиын болғанын айтты. Агрессивті топ аурухана аумағына басып кіріп, есік пен терезелерді сындырып, оқ жаудырған.



«Науқастар жатқан жансақтау бөліміне қарай оқ атылды. Біздің қызметкерлерге де қауіп төнді. Біз бүлікшілер емделушілер мен қызметкерлерді кепілге алма ма деп қорықтық», - дейді аурухана қызметкері.



Алматы қалалық "жедел жәрдем" қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкин 4 қаңтар күні кешкі уақытта қызмет экстремалды режимде жұмыс істей бастағанын айтты.



«Қызметкерлер қатты қорықты. Соның кесірінен бүгінде олардың көбі жұмысқа шықпай отыр. Басым бөлігі бақылау-өткізу бекеттерінен өте алмайды. Бірақ "жедел жәрдем" қызметі өз жұмысын атқарып жатыр. Бүгінде 187 бригаданың шығуын қамтамасыз етіп отырмыз. Сондай-ақ, жедел бөлім де штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Шақыртуларды қабылдайтын қыздарға қосымша жүктеме жүктелді. Олар қоңырау шалушының дауысына, интонациясына ерекше назар аударулары керек. Яғни, сөйлеген сөзі мен дауысы арқылы оның қаншалықты қауіпті адам екенін анықтаймыз», - деді ол.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қалқаман #аурухана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика