Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҰҚШҰ-ны БҰҰ бітімгершілік қызметіне қосу үшін барл...

ҰҚШҰ-ны БҰҰ бітімгершілік қызметіне қосу үшін барлық жағдай жасалған – Ерлан Қошанов

Әлеумет 06.06.2022, 15:14 1,210
ҰҚШҰ-ны БҰҰ бітімгершілік қызметіне қосу үшін барлық жағдай жасалған – Ерлан Қошанов
Cурет: Inform.kz

Ереванда Парламенттік Ассамблеяның іс-шаралары өтті


Өткен жылдар ішінде ҰҚШҰ өзін тиімді халықаралық ұйым ретінде көрсете білді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Еревандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының іс-шаралары барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.



«ҰҚШҰ қызметінің негізгі бағыттарының бірі – парламентаралық байланыс. Бұл ұйымның басымдықтарын ескере отырып, ұлттық заңнаманы жүйелі түрде үйлестіруге және парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік берді», – деді Палата төрағасы. 



Ол ұйымның халықаралық және өңірлік деңгейде қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бітімгершілік қызметінің әлеуеті жоғары екеніне назар аударды. Өткен жылы мерейтойлық Саммитте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан ҰҚШҰ-ны БҰҰ-ның бітімгершілік қызметіне қосу туралы ұсынысты жүзеге асыру үшін қазір барлық жағдай жасалғаны ерекше атап өтті. Бұл қадам ұйымға БҰҰ аясында бейбітшілікті қолдауға бағытталған халықаралық операцияларға қатысуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе, Ауғанстандағы күрделі жағдайдың жалғасуына байланысты өзекті болып отыр. Осыны ескере отырып, Ерлан Қошанов ықтимал қауіп-қатерлердің алдын алу, содырлар мен радикалды діни ағымдарды ұстанушылардың ҰҚШҰ елдерінің аумағына кіруіне жол бермеу үшін оңтүстік шекараларда Ұйымның жауапкершілік аймағын күшейту маңызды екенін жеткізді. Кеңес отырысында Парламент өкілдері ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің өткен жылғы қыркүйектегі сессиясының шешімдерін іске асыру қорытындыларын және Ұйымның сессияаралық кезеңдегі қызметін талқылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰҚШҰ #БҰҰ #Қошанов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика