Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / ҰҚШҰ биыл күзде Қазақстанда әскери оқу жиынын өткі...

ҰҚШҰ биыл күзде Қазақстанда әскери оқу жиынын өткізеді

Саясат 16.05.2022, 15:23 1,812
ҰҚШҰ биыл күзде Қазақстанда әскери оқу жиынын өткізеді
Cурет: Ашық дереккөз

2022 жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Армения Республикасы төрағалық етіп жатыр


Биыл күзде Қазақстанда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының аясында әскери оқу жиынын өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин ұйымның мерейтойлық саммитінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қазіргі кезеңде ҰҚШҰ қызметін әрі қарай жетілдіру және оның басшылық құрылымдарын оңтайландыру мәселесі - бірінші кезектегі маңызды шаруа екені толығымен қисынды. ҰҚШҰ ұжымдық күштерін заманауи қарумен және техникамен жарақтандыру, жауынгерлік контингенттің оперативті сәйкестігін ұлғайту, біздің әскери құрылымдар мен арнайы қызметтердің бірлескен әрекетінің үйлесімділігін жақсарту мәселелерімен де айналысамыз. Тиісті мәселелер тұрақты негізде ҰҚШҰ желісі бойынша өтетін әскери оқу жиындарында пысықталып отырады. Ол оқу жиынын біз әрі қарай кеңейтуге ниеттіміз», - деді Ресей Президенті.



Оның айтуынша, биыл күзде аталған ұйымға мүше үш елдің аумағында әскери оқу жиыны өтеді.



«Биыл күзде Қазақстанда, Қырғызстанда және Тәжікстанда біздің ұйымның оқу жиындарының тұтас сериясын өткізу жоспарланған. Бұл шаралар мемлекеттеріміздің әскери дайындығы мен әскери құрылымдарының үйлесімділігінің артуына, жалпы бітімгерлік әлеуеттің күшеюіне мүмкіндік туғызатынына сенімдімін», - деді Владимир Путин.



Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін Мәскеуге барғаны хабарланған еді.


Саммитке ұйымға мүше елдердің басшылары қатысады деп жоспарланған.


2022 жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Армения Республикасы төрағалық етіп жатыр.


Жиын барысында ҰҚШҰ-ның даму болашағы талқыланып, ұйымның мерейтойына арналған мәлімдеме қабылданды.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа (ҰҚТ) 1992 жылғы 15 мамырда Ташкентте қол қойылды.


2002 жылғы 14 мамырда Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Мәскеуде өткен сессиясында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың тетіктері мен құрылымдарын халықаралық аймақтық ұйым – «Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйымға» өзгерту, оған тиісті мәртебе беру туралы шешім қабылдады. 2003 жылғы 18 қыркүйекте ҰҚШҰ Жарғысы өз күшіне енді.


Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан кіреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰҚШҰ #әскер #жаттығу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның су дипломаттары Еуропа мен Қытайда білім алып жатыр

Бүгін 15:21

2026 жылы әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер 10%-ға артты

Бүгін 14:59

Ардагер волейболшылар Абу-Дабиден жүлдемен оралды

Бүгін 14:52

Қазақстан Таяу Шығыстағы өз азаматтарын эвакуациялауға дайын

Бүгін 14:33

Алматыда домбырашылар референдумға арнап күй шығарды

Бүгін 14:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі