AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҰҚК мамандары мемлекеттік құпияларды қорғауда 341,...

ҰҚК мамандары мемлекеттік құпияларды қорғауда 341,8 млн кибершабуылға тоқсауыл қойды

Әлеумет 19.01.2023, 14:30 1,036
ҰҚК мамандары мемлекеттік құпияларды қорғауда 341,8 млн кибершабуылға тоқсауыл қойды
Сурет: Ақорда

Есірткіге қарсы 130 операция жүргізілді


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2022 жылғы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ақорданың хабарлауынша, Ермек Сағымбаев былтыр арнаулы қызметті реформалау және оның жұмысын жандандыру жөніндегі Президент тапсырмасының орындалғанын жеткізді. Оның айтуынша, террористік қатерлерді азайту үшін алдын алу жұмыстары жүргізілді. Үш террорлық актіге дайындық кезеңінде тосқауыл қойылды. Кезектен тыс президенттік сайлау кезінде жаппай тәртіпсіздікті жоспарлаған радикалды топ жойылды. Лаңкестік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 56 адам сотталды. Терроризм мен діни экстремизмге қатысы бар 134 шетел азаматының елге кіру әрекетінің жолы кесілді.


Мемлекет басшысына құқық қорғау органдарымен бірлесіп, еліміздегі криминогендік жағдайды айтарлықтай жақсартқаны туралы мәлімет берілді. Аса қауіпті 15 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталып, олардың 56 басшысы және белсенді мүшелері ұсталды. 1 100-ден астам қару, 598 граната және 31 860 оқ-дәрі заңсыз айналымнан шығарылды. Тәркіленген қарудың жартысына жуығы қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.


Есірткіге қарсы 130 операция жүргізілді. 1,3 тонна әртүрлі есірткі тәркіленді. Шетелдік серіктестермен бірге 96 халықаралық және  өңірлік есірткі жеткізу арнасы тоқтатылды. Синтетикалық есірткі өндірісімен айналысқан 28 зертхана жойылды. 32 заңсыз көші-қон арнасының жолы кесіліп, оларды ұйымдастырушыларға қатысты 12 қылмыстық іс қозғалды.


Мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесін дамыту жөнінде кешенді шаралар іске асырылды. ҰҚК техникалық қызметтері аса маңызды инфрақұрылым объектілеріне жасалған 341,8 миллион кибер және 2 954 DDoS-шабуылға тоқсауыл қойды.


Мемлекеттік шекараны бұзған 15 603 адам ұсталды. Шекара арқылы құны 21,9 миллиард теңге болатын валюта, алтын және өзге тауарларды заңсыз өткізуге жол берілмеді.


Кездесу соңында Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰҚК #Операция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

Кеше 18:52

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Кеше 18:28

Мемлекеттік басқаруда жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру және цифрлық шешімдерді ауқымдау

Кеше 18:25

Шығармашылық индустрияны дамыту және ЖИ саласындағы кадрларды дайындау

Кеше 18:22

Жаппай цифрландыру және ЖИ енгізу елді кешенді жаңғыртудың негізгі факторларының бірі болып табылады

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика