Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Үнзила Шапақ: жаңа Конституция жобасында тарихымыз...

Үнзила Шапақ: жаңа Конституция жобасында тарихымыз алғаш рет мызғымас ұлттық құндылық ретінде танылды

Саясат 13.02.2026, 18:04 239
Үнзила Шапақ: жаңа Конституция жобасында тарихымыз алғаш рет мызғымас ұлттық құндылық ретінде танылды
Конституциялық сот

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Үнзила Шапақ «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының алғашқы жиынында мәлімдеді. 

Депутат Конституцияның преамбуласын қайта қарау жөнінде ұсыныс білдіргенін атап өтті.

 «Ата Заңы мықты елдің – тұғыры берік, Туы биік. Заман өзгереді. Онымен бірге қоғам да, құндылықтар да жаңғырады. Мемлекеттің шынайы қуаты – оның мәңгілік құндылықтарында», – деді Үнзила Шапақ.

 Ол референдумға ұсынылып отырған Конституция жобасы Егемендік пен Тәуелсіздікті, аумақтық тұтастық пен мемлекеттік шекараның мызғымастығын ең жоғары құндылық ретінде нақты бекітетінін ерекше атап өтті. Сонымен қатар депутат жаңа құжатта елдің терең тарихи тамырына да айрықша мән берілгенін жеткізді. Оның айтуынша, жаңа Ата Заң жобасында мыңжылдық тарихымыз алғаш рет мызғымас ұлттық құндылық ретінде танылды.

 «Қазақ елі – айбыны асқақ мемлекеттердің заңды мұрагері. Ұлан-ғайыр Ұлы Дала – көшпелілер өркениетінің алтын бесігі. Адамды ардақтаған, адами қасиетті қадірлеген Ұлы Далада демократияның терең тамыры қалыптасқан. Осы берік дәстүрдің заңды жалғасындай жаңа заң жобасында адам құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық деп жарияланды», – деді ол.

 Депутаттың пікірінше, «Әділетті Қазақстан» идеясының өзегі де осы қағидаттармен тікелей байланысты. Сондай-ақ ол әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатты қорғау – ел дамуының өзегі, мемлекеттіліктің тірегі екенін атап өтті.  

 «Бүгінгі алмағайып заманда сын-қатерден сүрінбей өтетін жалғыз жол – интеллектуалды, озық ойлы ұлт болу. Сондықтан мәдениет пен білімді, ғылым мен инновацияны заңмен бекіту – тарих алдындағы парызымыз, болашақ алдындағы борышымыз», – деп түйіндеді ол.

 Еске сала кетейік, бүгін Астанада Конституциялық реформаны қолдау мақсатында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» деп аталатын жалпыұлттық коалициясы құрылды. Оның құрамына еліміздегі саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, депутаттар, зиялы қауым өкілдері, жастар бірлестіктері, кәсіподақ ұйымдары және тағы басқалар кірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика