AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Коронавирус / Үндістанда коронавируспен ауырғандар қатары күрт а...

Үндістанда коронавируспен ауырғандар қатары күрт азайды

Коронавирус 19.07.2022, 03:35 1,130
Үндістанда коронавируспен ауырғандар қатары күрт азайды
сурет: Egemen.kz

2 миллиард доза вакцина алды


Үндістан тұрғындары коронавирустық инфекцияға қарсы әлемдегі ең ірі вакцинация бағдарламасы кезінде 2 миллиард доза вакцина алды. Бұл жетістікпен халықты Премьер-Министр құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Үндістанда 18 ай бұрын коронавирусқа қарсы жалпыұлттық тегін вакцинация науқаны басталды. Қазіргі уақытта ересек тұрғындардың 98%-ы вакцинаның кем дегенде бір дозасын алды, 90%-ы толық егілді. Вакциналарды 12 мен 18 жас аралығындағы үндістердің 80%-дан астамы алды. Вакцинацияланған балалардың саны Үндістанда 50 миллионнан асты. 



«Еуропада жұқтырудың кезекті өсуі жалғасуда. Қазір ең жоғары көрсеткіштер Германияда, онда күніне 140 мыңнан астам жағдай тіркеледі, бұл - елдегі наурыз айының соңынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар, өткен аптада аймақта аурушаңдық бойынша бірінші орын алған Францияда қазір аздап төмендеу байқалады - ковид 120 мың тұрғында тіркелген. Италияда көрсеткіштер шамамен бірдей деңгейде», - деп жазды комиссия. 



Латын Америкасы елдерінде инфекцияның таралу қарқыны тұрақтанды. Мәселен, Мексикада өткен аптада, алдыңғы ұқсас кезеңдегідей, күніне 30 мыңға жуық жағдай тіркелді, бұл ақпан айының деңгейіне сәйкес келеді. Ең жоғары көрсеткіштер Бразилияда әлі де бар, онда ковид шамамен 70 мың адамнан анықталған. Инфекция жұқтырудың осы деңгейі үш аптаға созылуда. 




«Бірқатар Азия елдерінің билігі ковидтің жаңа, жетінші толқыны туралы айтуда. Өткен аптамен салыстырғанда өсім екі есеге жуық болды. Оңтүстік Кореяда күрт өсу байқалады, онда күн сайын инфекция жұқтырудың 40 мың жағдайы тіркелуде. Сонымен қатар, Үндістанда өсу тоқтап қалды - елде екі апта қатарынан 20 мыңға жуық тұрғын коронавиурс инфекциясын жұқтырды», - делінген хабарламада.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#вакцина #Үндістан #коронавирус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);