Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлыларды ұлықтау - ұрпақтың міндеті

Ұлыларды ұлықтау - ұрпақтың міндеті

Әлеумет 16.02.2024, 08:48 1,322
Ұлыларды ұлықтау - ұрпақтың міндеті
almaty-akshamy.kz

Медеу ауданындағы №33 мектеп-лицейінде халқымыздың біртуар ұлдары Балуан Шолақ, Қажымұқан бабаларымыздың атын жаңғыртып, ұлықтау мақсатында ұстаздар арасында гір тасын көтеру, қол күресі сынды спорт түрінен сайыс өтті. Спорттық сайысқа аудандағы 28 мектеп ұжымы ұйымшылдықпен атсалысып, өз мүмкіндіктерін көрсетті.


Жарыс қортындысы бойынша «Қол күресінен» ауыр салмақтылар арасында  1-орынды Д.Серікқазы («Үркер» мектебі), 2-орынды Қ.Әуезов (№12 гимназия), 3-орынды Қ.Қасенов (№194 мектеп мұғалімі); жеңіл салмақ дәрежесі бойынша 1-орынды Д.Қазнабаев (№172 гимназия), 2-орынды Д.Датиев (№98 жалпы білім беретін мектеп), 3-орынды М.Құрманбек (№159 гимназия) алды.



Гір тасын көтеруден ауыр салмақ дәрежесі бойынша: 1-орынды Қ.Жабелдесов (№163 мектеп-лицей), 2-орынды Д.Нұралиев (№33 мектеп-лицей), 3-орынды Ш.Сумазов (№53 мектеп-гимназия); жеңіл салмақ дәрежесі бойынша жүлделі 1-орынды Қ. Маккев (№163 мектеп-лицей), 2-орынды  Н. Орынғалиев (№131 мектеп-лицей) 3-орынды Қ.Төленді (№ 194 жалпы мектеп) алды.


Спорттық жарыстың ең тартысты түрі волейболдан өтті. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды №131 мектеп-лицей, 2-орынды №172 мектеп-гимназия, 3-орынды №98 мектеп командасы жеңіп алды.



Мектеп ұжымы шәкірттерді адал, мейірімді адам етіп тәрбиелеуде Мұқағали жырларының құдіреті ерекше екенін терең сезініп, оның рухына арналған әдеби апталықты өткізуді үрдіске айналдырған. Бұл үрдіс биыл да жалғасып,  ақын шығармашылығы кеңінен насихатталды.      


Қорытынды шараға белгілі әнші Сандуғаш Стамғазиева келіп, ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындады. Мектеп басшысының айтуынша, қоғам үшін өз жемісін беретін мұндай ізгілікті шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медеу #Мұқағали
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика