Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Ұлыбританияда ковидтің жаңа штамы анықталды

Ұлыбританияда ковидтің жаңа штамы анықталды

Әлем 20.04.2023, 12:38 1,908
Ұлыбританияда ковидтің жаңа штамы анықталды
Сурет: Iz.ru

Алғаш Үндістанда шығып, Тұманды Альбионда тарай бастаған "арктурдың" жұғу қаупі жоғары - мамандар.


Бұған қоса, ол антиденелерге өте төзімді болып келеді екен. Үндістанда Арктурды жұқтырғандардың саны 60 мыңнан асып отыр. Денсаулық сақтау саласына басшылық ететін шенеуніктер жағдайды ушықтырып алмау үшін елдің кейбір штаттарында маска тағуды міндеттеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Вирус алғаш қаңтар айында анықталғанымен, әлем бойынша енді ғана кеңінен тарай бастады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындағылар жағдайды жіті қадағалап отырмыз дейді. Ұлыбританияда әзірге "арктурды" жұқтырғандар көп емес. Тұманды Альбионда тұрғындардың басым көпшілігі ковидке қарсы вакцина салдырғанына қарамастан, вирусологтар жағдай күрделеніп кетуі мүмкін деп алаңдаушылық білдіріп отыр. Өйткені жаңа вирустың антиденелерге төзімділігі өте жоғары екен. Сондықтан сарапшылар бетперде кию артық етпейді дейді.



«Британиялықтар сақтық шаралары туралы ұмытқан сыңайлы. Бізге, шынымен де, ауаны сүзгіден өткізетін тиісті маскалар тағу керек. Бөлмелердегі ауаның сапасын жақсартып, желдетіп отыру керек», - дейді Лидс университетенің профессоры, вирусолог Стивен Гриффин.



Тыныс алудың қиындауы және жөтел сияқты ковидтің негізгі белгілері жаңа вируста да бар. Бірақ оған енді кейбір балалар арасында конъюнктивит, яғни көздің былшықтануы сияқты симптомдар қосылып отыр.



«Жаңа нұсқаның пайда болуы бізге вирустың әлі ешқайда жоғалып кетпегенін және биологиясы әлі тірі екенін анық көрсетеді. "Арктур" ағзаның иммунологиялық қорғанысының кейбір бөліктерін айналып өтуге қабілетті және жақын арада бүкіл әлемге таралуы мүмкін», - дейді Эксетер университетінің жұқпалы аурулар бойынша аға оқытушысы Бхарат Панкхания. 



Вирус әзірге Сингапур, Австралия және АҚШ сияқты 22 елде анықталды. Ұлыбританияда Арктурды жұқтырғандардың саны 50-ге жуық. Ауырудың асқынғаны туралы әзірге дерек жоқ. Жаңа штамды тереңінен зерттеу ғалымдарға қиын болып отыр. Өйткені Ұлттық статистика қызметі коронавирус туралы ақпарат жинауды тоқтатқан. Геномдық қадағалау жүргізілмей келеді. Ал деректің азыдығы ғалымдардың қырағылығын азайтады дейді мамандар.  


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлыбритания #ковид #арктур
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының электр желілерін жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды

Бүгін 10:16

Алматы: шетелдегі күмәнді оқу орындарының ықпалынан сақтандыру шаралары күшейтілді

Бүгін 10:01

Снуп Догг қазақстандық чемпион Михаил Шайдоровты құттықтады

Бүгін 09:59

Алматыда 406 әскери қызметшісі жауынгерлік қызметке кірісті

Бүгін 09:46

Алматыда терроризмге қарсы бағыттағы ақпараттық жұмысты талқылаған қорытынды жиын өтті

Бүгін 09:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі