Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штамы анықталды

Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штамы анықталды

Медицина 19.04.2023, 22:00 1,346
Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штамы анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

Вирус әлі жоғалып кетпеді


Ұлыбританияда ковидтің жаңа штамы анықталды. Алғаш Үндістанда шығып, Тұманды Альбионда тарай бастаған жаңа штамм — “Арктурдың” жұқтыру қауіптілігі өте жоғары дейді мамандар. Бұған қоса, ол антиденелерге өте төзімді болып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Үндістанда “Арктурды” жұқтырғандардың саны 60 мыңнан асып отыр. Денсаулық сақтау саласына басшылық ететін шенеуніктер жағдайды ушықтырып алмау үшін, елдің кейбір штаттарында маска тағуды міндеттеуде. Вирус алғаш қаңтар айында анықталғанымен, әлем бойынша енді ғана кеңінен тарай бастады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындағылар жағдайды жіті қадағалап отырғанын айтады.


ҚазАқпараттың жазуынша, Ұлыбританияда әзірге “Арктурды” жұқтырғандар көп емес. Бірақ вирусологтар Тұманды Альбионда тұратындардың басым көпшілігі ковидке қарсы вакцина салдырғанына қарамастан, жағдай күрделеніп кетуі мүмкін деп алаңдаушылық білдіріп отыр. Өйткені жаңа вирустың антиденелерге төзімділігі өте жоғары екен.



«Британиялықтар сақтық шаралары туралы ұмытқан сыңайлы. Бізге, шынымен де, ауаны сүзгіден өткізетін тиісті маскалар тағу керек. Бөлмелердегі ауаның сапасын жақсартып, желдетіп отыру керек», - дейді Лидс университетінің профессор-вирусологы Стивен Гриффин.



Тыныс алудың қиындауы және жөтел сияқты ковидтің негізгі белгілері “Арктурға” да тиесілі. Бірақ оған енді кейбір балалар арасында конъюнктивит пен көздің былшықтанып, жабысуы сияқты симптомдар қосылып отыр. Конъюнктивит - көздің қызаруына, қышуына және ісінуіне алып келетін инфекция. Ол бұрын ковид симптомы ретінде қарастырылатын, бірақ сирек кездесетін.



«Жаңа нұсқаның пайда болуы бізге вирустың әлі ешқайда жоғалып кетпегенін және биологиясы әлі тірі екенін анық көрсетеді. “Арктур” ағзаның иммунологиялық қорғанысының кейбір бөліктерін айналып өтуге қабілетті. Және жақын арада бүкіл әлемге таралуы мүмкін», - дейді Эксетер университетінің Жұқпалы аурулар бойынша бөлімінің аға оқытушысы Бхарат Панкхания.



Вирус әзірге Сингапур, Австралия және АҚШ сияқты 22 елде анықталып отыр. Ұлыбританияда Арктурды жұқтырғандардың саны 50-ге жуық. Науқастардың ауруы асқынғаны туралы әзірге дерек жоқ. Жаңа штамды тереңінен зерттеу ғалымдарға қиын болып отыр. Өйткені Ұлттық статистика қызметі коронавирус туралы ақпарат жинауды тоқтатқан. Яғни геномдық қадағалау жүргізілмей келеді. Ал деректердің жетімсіздігі ғалымдардың қырағылығын жояды дейді мамандар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#коронавирус #Ұлыбритания
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика