AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Ұлы жыршы Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы сахнад...

Ұлы жыршы Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы сахнада

Алматы Кеше 15:07 27
Ұлы жыршы Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы сахнада

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында ұлы жыршы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Жыр – Жолбарыс» атты музыкалық спектакль сахналанды.

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы мен жыраулық өнерін ұлықтаған қойылымда Жамбыл Жабаевтың өмір жолы, ақындық болмысының қалыптасуы және азаматтық тұлғасының кемелдену кезеңдері көрермен назарына ұсынылды.

Спектакльдің негізгі арқауына ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі Жамбыл өмірі алынған. Қойылымда болашақ ұлы жыршының ел ішіндегі орнының айқындалуы, ақындық өнерге келуі, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерге үн қосуы және өз дәуірінің шындығын батыл жырлаған азаматтық келбеті көркем бейнеленеді. Жүз жасаған эпик жыршының тағдыры арқылы тұтас бір дәуірдің тынысы мен халықтың арман-мұраты сахна тілімен өрнектелген.

«Жыр – Жолбарыс» спектаклінің басты ерекшелігі – дәстүрлі қазақ өнерін заманауи сахналық шешімдермен сабақтастыруында. Қойылым барысында ұлттық би нақыштары заманауи сахналық шешімдермен үйлесім тауып, хореографиялық көріністерге ерекше серпін берген. Ал динамикалық сценография оқиға желісінің көркемдік қуатын арттырып, драмалық сахналар, дәстүрлі музыка мен би өнерінің біртұтас үйлесімін қалыптастырған.

Пьеса мәтіндері де қойылымның сахналық табиғатына сай ықшам әрі астарлы жазылған. Бейнелі теңеулер мен көркем сөз өрнектері арқылы Жамбылдың ішкі әлемі, мінезі мен дүниетанымы ашылады. Бұл – көрерменге ақынның өмірбаянын баяндап қана қоймай, оның рухани әлеміне бойлауға мүмкіндік беретін көркемдік тәсіл.

Қойылымның шығармашылық құрамында ұлттық өнер мен театр саласының бірқатар өкілдері еңбек етті. Спектакльдің кеңесшісі – Жамбылдың көзін көрген Шаштай ақсақалдың ұлы Жұмабай Шаштайұлы. Пьеса авторы – Әннәс Бағдат, қоюшы режиссері – Есләм Нұртазин, композиторы әрі музыкалық әрлеушісі – Болатбек Нұрқасымов, режиссер-хореографы – Әсел Абақаева.

Жамбыл Жабаев – қазақтың жыршылық дәстүрін биік деңгейге көтеріп, халықтың мұң-мұқтажын, елдің үні мен заманның шындығын жырына арқау еткен біртуар тұлға. Оның шығармашылығы – ұлт руханиятының асыл қазынасы, ал өмір жолы – кейінгі ұрпаққа өнеге.

«Жыр – Жолбарыс» музыкалық спектаклі – ұлы ақынның мерейтойына арналған мәдени шара ғана емес, ұлттық өнердің сабақтастығын дәріптейтін маңызды сахналық туынды. Қойылым Жамбыл бейнесі арқылы жырдың құдіретін, сөз өнерінің қуатын және халық рухының мәңгілігін тағы бір мәрте айшықтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #театр #Жамбыл Жабаев #Алатау театры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда дәрілік заттардың жаңа 500 түрін шығару және цифрлық бақылауды кеңейту жоспарлануда

Бүгін 16:54

Жасанды интеллект диагностиканы жеделдетеді: Алматыдағы зертхана тәулігіне 15 мыңға дейін сынаманы өңдейді

Бүгін 16:45

Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Бүгін 16:43

Үкімет Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын мақұлдады

Бүгін 16:21

Алматыда «Абай даңғылының бойымен» иммерсивті аудиоспектаклі әзірленді

Бүгін 16:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);