AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау / Үкімет Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Ж...

Үкімет Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын мақұлдады

Жолдау Бүгін 16:21 48
Үкімет Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын мақұлдады
Primeminister.kz

Жоспар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының 12 бағыты бойынша 96 іс-шараны қамтиды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы мақұлданды.

Құжаттың негізгі бағыттары туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады. Жоспар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының 12 бағыты бойынша 96 іс-шараны қамтиды және «Халықтық құрылыс» жалпыхалықтық құрылыс жылын жүзеге асыру, көлік және энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, ТКШ жаңғырту, өнеркәсіп пен АӨК-ті қолдау, цифрлық шешімдер мен ЖИ технологияларын енгізуге бағытталған шаралар кешенін қарастырады. Жекелеген шаралар қатарына кәсіпкерлікті дамыту, салық және қаржы жүйелерін жетілдіру, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру, халықты әлеуметтік қолдауды күшейту, жалақыны көтеру және педагогтерге түсетін әкімшілік жүктемені азайту кіреді. Сондай-ақ стратегиялық ресурстарды басқарудың жаңа тетіктерін қалыптастыру, капитал нарығын дамыту және заңнаманы жетілдіру де көзделген.

Дауыс беру нәтижесінде Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы мақұлданды.

«Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы Жолдаудың негізгі бағыттары мен Мемлекет басшысының бастамалары аясында қойылған міндеттерді сапалы әрі жедел шешуге бағытталып отыр. Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіп кешенін дамыту, көлік және энергетика инфрақұрылымын жаңғырту, әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелеріне баса мән беруі керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Әкімдіктерге өңірлердегі инфрақұрылымдық жобаларды сапалы жүзеге асырып, әлеуметтік нысандардың құрылысын, су ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету тапсырылды.

«Заң жобаларын уақтылы әзірлеп, Құрылтай қарауына енгізу қажет. Жоспардың әрбір тармағын қаржыландыру мәселесін мұқият пысықтаңыздар. Басты міндет – іс-шараларңың барлығын тиімді әрі дер кезінде орындау», — деп атап өтті Премьер-министр.

Ұлттық экономика министрлігіне Үкімет аппаратымен бірлесіп, Президент Әкімшілігіне Мемлекет басшысының тиісті Жарлығының жобасын енгізу тапсырылды. Премьер-министрдің орынбасарлары өздеріне бекітілген Жоспардың жүзеге асырылуын қадағалауды және үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда инвестициялық саясат қайта қаралады және орта кәсіпкерлікті қолдау күшейеді

Бүгін 16:59

Қазақстанда дәрілік заттардың жаңа 500 түрін шығару және цифрлық бақылауды кеңейту жоспарлануда

Бүгін 16:54

Жасанды интеллект диагностиканы жеделдетеді: Алматыдағы зертхана тәулігіне 15 мыңға дейін сынаманы өңдейді

Бүгін 16:45

Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Бүгін 16:43

Алматыда «Абай даңғылының бойымен» иммерсивті аудиоспектаклі әзірленді

Бүгін 16:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);