Бүгінде қалада 12 соғыс ардагері тұрады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері Алматы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауында белсенділік танытып жатыр. Бүгінде қалада 12 соғыс ардагері тұрады. Олардың бірқатары үйінде дауыс берсе, енді бірі сайлау учаскесіне келіп, азаматтық ұстанымын білдіруде.
Майдангерлердің сайлауға қатысуы ел болашағына бейжай қарамайтынының, сайлаудың маңызы мен азаматтық жауапкершілікті терең түсінетінінің айқын көрінісі.
Еске салайық, Алматыда сайлау күні денсаулық жағдайына немесе заңда көзделген өзге де себептерге байланысты сайлау учаскесіне өз бетінше келе алмайтын азаматтар үшін үйде дауыс беру ұйымдастырылды. Ол үшін учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері келіп түскен өтініштер негізінде тасымалданатын дауыс беру жәшігімен сайлаушылардың үйіне барады.
Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Қалада барлығы 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.