Өнер иесі бұл саяси науқанның ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Бүгін Алматы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Асылбек Боранбай №129 сайлау учаскесіне барып, таңдау жасады.
Өнер иесі бұл саяси науқанның ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, әрбір азаматтың дауысы – мемлекеттің дамуына қосылған үлес әрі азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
«Бүгін еліміз үшін маңызды саяси науқан өтіп жатыр. Әрбір азамат таңдау жасап, елдің дамуына үлес қосуы керек деп есептеймін. Сондықтан баршаңызды сайлауға қатысуға, азаматтық белсенділік танытып, таңдау жасауға шақырамын», – деді Асылбек Боранбай.
Еске сала кетейік, Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлау барысына қатысты қосымша ақпаратты 109 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады.
Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.