AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Ұлы дала» шығармашылық байқауы жарияланды

«Ұлы дала» шығармашылық байқауы жарияланды

Әлеумет 26.08.2022, 16:30 1,981 Almaty-akshamy
«Ұлы дала» шығармашылық байқауы жарияланды
Сурет: Дереккөз

20-45 жас аралығындағы авторлар қатысады


Ақын-жазушыларды, драматургтер мен балалар авторларын қолдау мақсатында «AMANAT» партиясының бастамасымен жыл сайынғы республикалық «Ұлы Дала» шығармашылық байқауы басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Байқау жыл сайын «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп өткізіледі. 2019 жылы бастау алған байқау осымен төртінші рет өткізіліп отыр. Баспасөз мәслихатында партия Хатшысы Дәулет Кәрібек журналистерге байқауға қатысудың басты ерекшеліктері мен шарттары туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.



«Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Ұлы Дала» байқауының басты мақсаты – ұлттық және рухани құндылықтарды паш ететін бүгінгі отандық авторлардың шығармаларын қолдау және насихаттау. Биыл қатысушылар шығармашылық шеберлігін төрт номинация бойынша сынап көреді: «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балаларға арналған шығарма». Негізгі номинациялардан бөлек, байқау аясында арнайы сыйлықтар да қарастырылған. Сондай-ақ қатысушылардың барлық шығармалары БАҚ-та жарияланатын болады», – деді партия хатшысы Дәулет Кәрібек.



Спикердің айтуынша, биыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай арнайы сыйлықтар тағайындалып отыр. Сонымен қатар, «Алаш аманаты» арнайы сыйлығы табысталады.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Роза Мұқанова қазіргі қазақ әдебиетіне, соның ішінде жас қаламгерлерге қомақты қолдау қажет екенін алға тартып отыр.



«Әдебиет – қолдауға зәру. Әсіресе, әдебиетке келген жастар қауымын қолдау қажет. Ал осындай конкурстар талантты жастардың әдебиет әлеміндегі беталысын айқындап, шығармашылығын оқырманға таныстырады», – деді жазушы-драматург Роза Мұқанова.



Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтайдың айтуынша, бүгінгі қоғамды көркем әдебиет айрықша орын алады.



«Ұлы Дала» шығармашылық байқауы – AMANAT партиясының алдағы уақытта жүйелі түрде ұлттың мәдениеті мен өнеріне қамқоршы болатындығының нақты бір дәлелі. Хакім Абай айтқандай, ақылы нұрлы, жүрегі жылы, қайраты ыстық толық адам қалыптасуы үшін міндетті түрде көркем әдебиеттің уызын еміп өсуі керек», – деді Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай.



Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанарбек Әшімжан мұндай іс-шара жас қаламгерлерді ынталандырып, шығармашылығына тың серпін беретінін жеткізді.



«Ұлы Дала» байқауы – мәдениет, руханият, әдебиет бағытындағы еліміздегі ең ірі жобалардың бірі. Қазіргі кезде проза, драматургия, поэзия жанрларында қалам тартып жүрген аса талантты жастар бар. Ал мұндай байқаулар – жастар қауымына шалқар шабыт сыйлап, жаңа шығармалар жазуға ынталандырады», – деді Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан.



Партия Хатшысы Дәулет Кәрібек байқауға келіп түскен барлық шығарма көзіқарақты оқырманның назарына күнделікті ұсынылып, ашық жарияланып отыратынын айтты. 



«Қатысушыларға қойылатын барлық талаптар мен байқау барысы белгіленген ереже мәтіні бүгін БАҚ-та, әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда және партияның ресми сайтында жарияланады. Ережеге сай келіп түскен шығармаларды бүркеншік есіммен аikyn.kz сайтынан арнайы ашылған «Ұлы дала» байқауы айдарында күнделікті жариялап отыратын боламыз. Кез келген қызығушылық танытқан адам сол жерден шығармалармен таныса алады», – деп атап өтті партия Хатшысы Дәулет Кәрібек.  



Айта кету керек, байқауға 20-45 жас аралығындағы авторлар қатыса алады. Қатысушылар 26 тамыз бен 10 қазан аралығында іріктеледі. Байқау нәтижесі 25 қазан – Республика күні қарсаңында қорытындыланып, салтанатты іс-шарада жарияланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақындар #байқау #Ұлы дала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);