Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Ұлтық ұлан қамқорлығындағы мектеп-лицейде «Ер есі...

Ұлтық ұлан қамқорлығындағы мектеп-лицейде «Ер есімі – ел есінде!» ерлік сабағы өткізілді

Барлығы 11.02.2026, 11:53 238
Ұлтық ұлан қамқорлығындағы мектеп-лицейде  «Ер есімі – ел есінде!» ерлік сабағы өткізілді
Сурет: Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Алматы қаласы Алатау ауданындағы Ұлттық ұланның 7552 әскери бөлімі қамқорлығына алған №210 мектеп-лицейінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай «Ер есімі – ел есінде!» атты ерлік сабағы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған ардагерлердің ерлігін өскелең ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды отансүйгіштікке және батырлық рухқа тәрбиелеу.

Ерлік сабағына Ауған соғысының ардагері Әділхан Абибеков және тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік қызмет атқарған ардагер Ералы Қордабаев арнайы қатысып, оқушылармен сыр-сұхбат форматында кездесу өткізді. Ардагерлер әскери қызмет жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, бейбіт өмірдің қадірін бағалау, елге адал қызмет ету және нағыз патриот болудың маңызы туралы ой-пікірлерін жеткізді. Сонымен қатар, жастарға ел болашағы өз қолдарында екенін айтып, олардың білімді, жауапты әрі отансүйгіш азамат болып қалыптасатынына сенім білдірді.

– Біз соғыстың не екенін көрдік, сондықтан бейбіт өмірдің бағасын жақсы білеміз. Отанды сүю — тек сөз емес, ол жауапкершілік, тәртіп және елге адал қызмет ету. Бүгінгі жас ұрпақ білімді, рухы мықты, еліне пайдалы азамат болып өссе, біздің көрген қиындықтарымыздың ақталғаны, – деді Ауған соғысының ардагері Әділхан Абибеков.

Іс-шара барысында Ауған соғысының тарихына қысқаша шолу жасалып, оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, өнерлерін көрсетті.

Кездесу барысында оқушылар ардагерлерге сұрақтар қойып, мазмұнды жауаптар алды. Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, ерлік пен елдік құндылықтарды дәріптеуге зор ықпал ететіні атап өтілді.

Кездесу соңында мектеп-лицей директорының атынан алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі запастағы полковник Ниязтай Алкешев ардагерлерге алғыс білдіріп, олардың Отан алдындағы жауынгерлік борышты жоғары жауапкершілікпен атқарғаны, соғыс жылдарында көрсеткен ерлігі, қайсарлығы мен отансүйгіштік қасиеттері бүгінгі ұрпақ үшін әрдайым үлгі әрі өнеге екенін атап өтті. Ардагерлерге арнайы Алғыс хаттар табысталды.
Тағылымға толы ерлік сабағы жас буынның бойында патриоттық рухты нығайтып, ел қорғаған аға буынға деген құрмет сезімін арттыра түсті.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #мектеп-лицей #Ерлік сабағы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30

Ресейдегі жаппай төбелеске қатысты СІМ жаңа мәлімет таратты

Бүгін 11:19

Танымал әнші Абай Бегей сегізінші рет әке атанды

Бүгін 10:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика