Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҰЛТЫН СҮЙГЕН ҰЛЫ ТҰЛҒА

ҰЛТЫН СҮЙГЕН ҰЛЫ ТҰЛҒА

Әлеумет 19.10.2024, 17:53 1,708
ҰЛТЫН СҮЙГЕН ҰЛЫ ТҰЛҒА
Арман Мұқатов

«Қаныш және ғылыми майдан» кітабының таныстырылымы өткізілді

«Ғылым ордасы» ғимаратында ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен еліміздегі Ғылым академиясының негізін қалаушы, көрнекті ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына орай, «Отбасы хрестоматиясы»  қоғамдық қорының арнайы жобасымен шыққан «ҚАНЫШ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МАЙДАН» кітабының таныстырылымы өткізілді.

Ғұлама ғалымға арналған шарадағы кітаптың таныстырылымына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы, Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан, ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының басқарма президенті Ақылбек Күрішбаев, Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков, Сәтбаевтің немересі, профессор Әлима Жармағамбетова, зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ЖОО оқытушылары, студенттер  мен БАҚ өкілдері қатысты. Шаһарда өткен шара аясында аталған кітаптан тыс ертеректе өте аз таралыммен шығып, ғылыми айналымға түсіп үлгермеген, сондай-ақ қайта басып шығаруға рұқсат етілмеген «Бала Қаныш оқыған кітаптар» топтамасы,  «Қаныштың жастық шағы», «Жас Қаныш» пен «Қуғындалған Сәтбаев» кітаптары да таныстырылды.

Аталған еңбектердің қайта жарыққа шығуы қоғамда мол сұранысқа ие екенін білдіреді. Қазақтың маңдайына біткен академиктің бар болмысы, шырғалаң өмір жолы, ғылым жолындағы жанқиярлық ерлігі экзистенция сараптамасымен сараланып, түгелдей талданған.  Ғылым академиясының ашылуына (1946 жылы) ашылуына, оның тарихи жетістігіне Сәтбааевтың қосқан сүбелі үлесі бар. Аталған еңбектерден соны аңғаруға болады. Замандастары Мұқтар Әуезов, Жұмабай Шаяхметов, Шапық Шөкин, Шақмардан Есенов, Ебіней Бөкетов, Есмағамбет Ысмайлов, Бейсенбай Кенжебаев сынды ғалымдардың сирек кездесетін, бұрын-соңды жарық көрмеген тың деректері қамтылып, ұсынылған. Қазақ мәдениеті мен танымына және ұлтшыл тұлғалардың өміріне қызығатын барша оқырманға арналған.

«Ғұлама ғалым, қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай жарыққа шыққан «Қаныш және ғылыми майдан» кітабы – аса құнды дүние. Мұны ел өміріндегі елеулі оқиға деуге болады. Қаныш Имантайұлы – қаншама қиындыққа қарамай, ғылым жолында жанкештілікпен еңбек етіп,  еліміздің бүгінгі иновациялық даму жолына батыл да сара жол салған ұлы тұлға. Сәтбаев металлургияда ғана емес, қазақ әдебиеті мен фольклорының,  мәдениеті мен музыкасының асқан білгірі болды. Мына еңбектерде осы ұлтымыздың бай мұрасы жан-жақты айтылады. Ұлтын сүйген ұлы тұлғаны ұлықтау – ортақ  парызымыз. Алматы қаласының әкімдігі бұл бағыттағы шараларды үнемі қолдап келеді», – деді Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сәтбаев #Қаныш және ғылыми майдан #кітап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика