AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ұлттық ұлан 2026 оқу жылына арналған міндеттерін н...

Ұлттық ұлан 2026 оқу жылына арналған міндеттерін нақтылады

Заң мен тəртіп 05.01.2026, 17:58 1,609
Ұлттық ұлан 2026 оқу жылына арналған міндеттерін нақтылады
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде 2026 жылғы жаңа қысқы оқу кезеңі басталды.

"Қазақстан Республикасының Президенті – ел Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы – Қазақстан Республикасы ішкі саясатының құндылықтары мен бағыттары, жаңа оқу жылында әскери қызметшілермен өткізілген алғашқы мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағының басты тақырыбына айналды.

Қолбасшылық басқармасының, сондай-ақ қолбасшылыққа бағынышты 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен алғашқы тәрбиелік сабақты "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы герерал-майор Талапкер Әміреев жүргізді. Сабақ барысында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының 2026 оқу жылына қойған жауынгерлік тапсырмалары нақтыланды. Сондай-ақ мемлекет басшысының бастамасымен елімізде іске асып жатқан ауқымды жобалармен қатар, мемлекетіміздің өткен 2025 жылғы жеткен жетістіктеріне ерекше тоқталып өтті.

Ал қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімдерде өткізілген іс-шараларға "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасарлары жетекшілік етіп, әскери қызметшілермен мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағын өткізді.  

Алғашқы тәрбиелік сағаттан кейін саптық алаңда сап түзеген ұландықтар қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүліктерді дұрыс қолдану, кез келген міндеттерді атқару кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бойынша сабақтарға тарасты.

Сабақтар барысында жеке құрамға қызметтік-жауынгерлік әрекеттердің барлық бағыттары бойынша арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.

Жаңа оқу жылында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұландықтардың алдында көптеген атқарылар жауапты міндеттер тұр. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #2026 жыл #оқу жылы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);