AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Ұлттық спорттан халықаралық жарыстарға дейін: Алма...

Ұлттық спорттан халықаралық жарыстарға дейін: Алматыда Спорт күні қалай аталып өтті

Спорт 17.08.2026, 14:51 227
Ұлттық спорттан халықаралық жарыстарға дейін: Алматыда Спорт күні қалай аталып өтті
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Отбасылық денсаулық және спорт фестивалі аясында да ауқымды бағдарлама ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда Спорт күніне арналған ауқымды іс-шаралар бағдарламасы өтті. Ұлттық спорт түрлері, халықаралық жарыстар, бұқаралық сайыстар мен қаланың әр алаңында ұйымдастырылған отбасылық іс-шаралар мыңдаған қатысушы мен көрерменнің басын қосты. Бұл туралы қалалық спорт басқармасының өкілдері айтты.

Басты оқиғалардың бірі ұлттық спорт түрі – бәйгеден өткен TOP BAIGE CUP – 2026 жарысы болды. Бәйгеге 110 ат қатысты. Шабандоздар құнан бәйге, жорға бәйге және топ бәйге бойынша сынға түсті. Жарысты 3 мыңнан астам көрермен тамашалады.

Отбасылық денсаулық және спорт фестивалі аясында да ауқымды бағдарлама ұйымдастырылды. Екі күн бойы іс-шаралар түнгі бағдарламаны қоса алғанда, үзіліссіз форматта өтті. 14 тақырыптық алаңда қол күрес, бодибилдинг, жатып сығымдау, бицепске көтеру, стронгмен, зумба және басқа да спорттық-сауықтыру бағыттары ұсынылды. Екі күн ішінде фестивальге 3 мыңнан астам адам қатысты.

Халықаралық жарыстардың бірі Gran Fondo World Championship болды. Веложарысқа әлемнің 20-дан астам елінен 1 000-нан астам әуесқой спортшы қатысты. Қатысушылар 95, 50 және 37 шақырымдық қашықтықтарда сынға түсті. Сондай-ақ Алматы әуесқойлар мен ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін қабылдап, бір бағытта әртүрлі жастағы және дайындық деңгейіндегі велоспортшылардың басын қосты.

Баскетбол бағдарламасы да тартысты өтті. JUMP 3×3 турниріне Қазақстан мен ТМД елдерінен 101 команда – 400-ден астам баскетболшы қатысты. Екі күн ішінде іс-шараны 5 мыңға жуық адам тамашалады.

Тағы бір жарқын оқиға – Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өткен Media Basket Almaty турнирі. Оған спортшыларды, өнерпаздарды, блогерлер мен пікір көшбасшыларын біріктірген сегіз медиа-команда қатысты.

Спорт күніне арналған бағдарлама жалғасуда. 17 тамызда Алматыда Roland Garros Juniors халықаралық жасөспірімдер теннис турнирі басталды. Жас теннисшілер халықаралық деңгейдегі жарыстарда өнер көрсету мүмкіндігі үшін бәсекеге түсті.

Алматы қаласының спорт басқармасының өкілдері мұндай іс-шараларды өткізу бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын дәріптеуге және әр жастағы қала тұрғындарын белсенді демалысқа тартуға бағытталғанын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Спорт күні #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Заң мен Тәртіп»: студент жастардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттырды

Бүгін 20:02

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақаттан кейін ер адамды толық қалпына келтірді

Бүгін 18:45

«Кітап оқитын университет»: Студенттер арасында кітап оқу мәдениетін дамытуда

Бүгін 18:39

Кайрат Сатыбалдының Алматыдағы Hilton отелі миллиардтарға сатылымға қойылды

Бүгін 18:00

Алматыдағы ескі базар үлкен сауда үйіне айналды

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);