AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық Құрылтайда көтерілген тағы бір бастама жүзе...

Ұлттық Құрылтайда көтерілген тағы бір бастама жүзеге асты

Әлеумет 26.04.2024, 15:54 1,059 Ерлан Қарин, ҚР Президентінің кеңесшісі
Ұлттық Құрылтайда көтерілген тағы бір бастама жүзеге асты
Almaty-akshamy.kz

Бүгін Мемлекет басшысы Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалар туралы заңына өзгерістер енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұл – Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында қабылданған үшінші заң.


Бұдан бұрын вейптерге тыйым салу және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты заңға қол қойылды. 


Енгізілген түзетулерге сәйкес «Айбын» орденінің дәрежелеріне аты аңызға айналған батырларымыз – Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімін беру көзделген.  


Мемлекеттік наградаларды атақты тұлғалардың атымен атау тәжірибесі көптеген елде бар. Мұндай қадам халық қаһармандарының есімін ұлықтауға, жалпыұлттық бірлікті нығайтуға және отаншылдық сезімді оятуға зор үлес қосады.  


Атырауда өткен Ұлттық Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбын» орденінің дәрежелеріне ұлт батырларының есімін беруді ұсынды. Сондай-ақ Президент Талдықорғандағы әскери авиабазаға Кеңес Одағының екі мәрте батыры Сергей Луганскийдің есімін беру туралы мәселе көтерді. Бұл бастамалар келесі жылы 80 жылдығы атап өтілетін ортақ жеңіске өлшеусіз үлес қосқан соғыс және еңбек ардагерлеріне жасалған шексіз құрметтің белгісі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #құрылтай #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Бүгін 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);