Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық құрылтай: Президент сайлауына қатысты конст...

Ұлттық құрылтай: Президент сайлауына қатысты конституциялық норма нақтыланбақ

Әлеумет 20.01.2026, 13:40 435
Ұлттық құрылтай: Президент сайлауына қатысты конституциялық норма нақтыланбақ
Сурет: Akorda.kz

Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қатысты кәсіби заңгерлер тарапынан айтылған ұсыныстарға тоқталды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz

 Президенттің айтуынша, Ата заңның кейбір нормаларын нақтылай түсу қажеттігі туындап отыр.

Мемлекет басшысы, әсіресе, Президент өкілеттігін беру және сайлау өткізу мәселесіне назар аударды. Қазіргі Конституцияға сәйкес, Президент өз міндетін атқара алмайтындай жағдай туындаса, оның өкілеттігі қалған мерзімге Сенат төрағасына берілетіні белгілі. Ал Сенат төрағасы да мемлекетті басқаруға мүмкіндігі болмаса, Президент өкілеттігі заңда белгіленген тәртіппен өзге лауазымды тұлғаларға өтеді.

Президент бұл жерде негізгі мәселе «қалған мерзім» ұғымына тірелетінін атап өтті. Себебі бұл мерзім алты айға да, тіпті алты жылға дейін созылуы мүмкін. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Конституцияда Президент мерзімінен бұрын қызметінен кеткен жағдайда екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өткізу туралы норма нақты белгіленуі қажет екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, бұл қадам халықаралық озық тәжірибеге толық сай келеді. Президент кез келген жағдайда билікке тек сайлау арқылы, яғни заңды жолмен келуі тиіс.

– Еліміздің кез келген басшысы билікке сайлау арқылы келуі керек. Бұл – мен үшін мызғымас ұстаным. Бұл норма кейінгі мемлекет басшылары үшін де өзгермейтін қағида болуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің бұл бастамасы Конституциялық нормаларды нақтылап, елдегі билік транзитінің ашық әрі заңды түрде жүзеге асуына негіз болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық құрылтай #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада республикалық веложарыс өтті

Бүгін 18:18

Павлодарлық «Ertis» әйелдер арасындағы Ұлттық баскетбол лигасының жартылай финалына жолдама алды.

Бүгін 18:15

Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтингінде 7-орынға шықты

Бүгін 18:12

Қамзол қайда, Ақбоз ат?

Бүгін 17:59

Енді пәтерге тіркеуге шектеу енгізілуі мүмкін

Бүгін 17:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика