«Ұлттық қор – балаларға» жобасының операторы белгілі болды

«Ұлттық қор – балаларға» жобасының операторы  белгілі болды zh-shugylasy.kz

«Ұлттық қор – балаларға» жобасының операторы ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) белгіленбек, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


«Әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша көпжылдық тәжірибені және мемлекеттік дерекқорлармен жедел ықпалдасу мүмкіндігін ескере отырып, жоба («Ұлттық қор – балаларға») операторы ретінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ны белгілеу жоспарланып отыр», - деді кейбір заңнамалық актілерге Ұлттық қордан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын таныстырған Үнзила Шапақ.


Оның атап өтуінше, БЖЗҚ:


– ақпараттық жүйеде нысаналы талаптарға қатысушылардың талаптарын есепке алу;


– нысаналы жинақтарды алушыларға жинақтау шоттарын ашу;


– нысаналы жинақтау шотындағы жинақтарды есепке алу;


– нысаналы жинақтарды төлеу;


– жеке тұлғалардың дербес деректерін Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен Дербес деректер субъектілерінің келісімінсіз жинау және өңдеу;


– БЖЗҚ интернет-ресурсы және электрондық үкімет веб-порталының жеке кабинеті арқылы нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтардың сомасы туралы мәліметтерді ұсыну функцияларына ие болады.



«Осылайша, қаралып отырған заң жобасы Мемлекет басшысының 2024 жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосуға қатысты тапсырмасын іске асыру үшін қажетті жағдай тудырады», - деді ол.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:50

20:12

17:46

17:26

17:11

16:43

16:41

16:38

16:15

16:10

15:55

15:38

15:23

15:11

14:53

14:52

14:40

14:27

14:10

12:34

12:15

11:44

11:20

10:54

10:49