конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Ұлттық паркте орманды тәулік бойы бақылайтын жүйе...

Ұлттық паркте орманды тәулік бойы бақылайтын жүйе іске қосылды

Алматы Бүгін 15:27 37
Ұлттық паркте орманды тәулік бойы бақылайтын жүйе іске қосылды
РСК Алматы

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 15 камера орнатылып, орман өртімен күресетін 32 адамнан тұратын жасақ құрылып, жаңа станция пайдалануға берілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өрт қаупі жоғары маусым басталғалы бері мұнда бір шағын өрт тіркелген. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі орманды қорғау, молықтыру мен қалпына келтіру бөлімінің басшысы Райхан Мұхамеджанова өрт жиілейтін осы маусымға қаншалықты даяр отырғандарын баяндап берді.

Оның айтуынша, маусым басталысымен табиғи аумаққа келушілер саны бірнеше есеге артып, мемлекеттік инспекторларға түсетін жүктеме де едәуір артады екен. Олар табиғатты пайдалану ережесінің сақталуын қадағалап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, өрттің алдын алады.

«Орман шаруашылығы қызметкерлері үшін жаз – демалыс уақыты емес, жауапты кезең. Күн жылығаннан бастап бүкіл жаз бойы жалғасатын өрт қаупі жоғары маусым басталады. Осы уақытта біздің басты міндетіміз – өрттің шығуына жол бермеу, ұлттық паркке келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – дейді Райхан Мұхамеджанова.

Маусым басталар алдында паркте барлық өрт сөндіру техникасы, құрал-жабдық пен қажетті мүлік тексерілген. Алматы мен облыстың төтенше жағдай департаменті бөлімшелерімен бірлесіп жұмыс істеу тәртібі бекітілді.

Орман өртімен күресу үшін II типтегі жаңа орман өрт станциясы салынып, 32 адамнан тұратын арнаулы жасақ құрылды. Сонымен қатар 1 500 литр бензин мен 1 200 литр дизель отынынан тұратын жанар-жағармай қоры құрылды.

Парк аумағындағы жолдар да жөндеуден өтіп жатыр. Жоспарланған 90 шақырым жолдың 45 шақырымы қалпына келтірілді. Жалпы ұзындығы 294 шақырым болатын өртке қарсы жолақтағы құрғақ шөп екі рет шабылды.

Сонымен қатар парк қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша 2 757 дәріс, семинар мен түсіндірме кездесуін өткізді. Тұрғындар мен туристерге 8 мың жадынама таратылды. Биыл барлығы осындай 30 мың ақпараттық материал тарату жоспарланып отыр.

«Біз алдын алуға көп көңіл бөлеміз, өйткені өртті кейін сөндіргеннен гөрі оның алдын алған әлдеқайда тиімді. Сондықтан өртке қарсы жолдарды жөндеп, жолақты құрғақ шөптен тазартып, ормандағы қауіпсіздік ережесін үнемі келген-кеткен адамның үнемі құлағына құйып отырамыз. Әр адам барынша жауапты болуы керек», – деп атап өтті спикер.

Парктің биік таулы бөлігінде 22 бақылау мұнарасы мен 20 тікұшақ алаңы қалпына келтірілді. Таулы беткейде сегіз ескерту белгісі жаңартылды.

Алматы мен облыстың төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерімен бірлесіп Ақсай, Талғар мен Түрген бөлімшесінде өртке қарсы оқу-жаттығу ауқымды өткізілді. Құтқарушылар мен ұлттық парк қызметкерлері шартты орман өртін оқшаулап, оны сөндіру жұмысын бір пысықтап алды.

Өртті ерте анықтау жүйесінің енгізілуі негізгі жаңалықтың бірі болды. 15 нүктеде антенна-діңгек құрылымдары мен камера орнатылды. Олар мемлекеттік орман қоры аумағын тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді.

Орталық жедел басқару пунктінде жөндеу жұмыстары аяқталып, алты монитор мен екі негізгі компьютер орнатылды. Қызметкерлер жаңа жүйемен жұмыс істеу үшін оқытудан өтті. Қазір жабдықты сынақтан өткізіп жатыр.

«Он бес камера парк аумағындағы жағдайды тәулік бойы бақылап, түтін немесе өртті жылдам анықтауға мүмкіндік береді. Бұл қызметкерлерді оқиға орнына жедел жіберіп, өрттің таралуына жол бермейді. Қазіргі уақытта жүйе соңғы сынақ кезеңінен өте бастады», – деді Райхан Мұхамеджанова.

Өрт қаупі жоғары маусым басталғаннан бері ұлттық парк қызметкерлері төтенше жағдай департаменті өкілдерімен бірлесіп 528 рейд жүргізді. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін сегіз адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдың жалпы сомасы 2 млн 158,5 мың теңгені құрады. Оның ішінде 1 млн теңгеден астамы өндіріліп алынды.

Ұлттық паркке келушілерге белгіленбеген орындарда от жағуға, темекі тұқылын тастап, өрт қаупін тудыратын қоқыс қалдыруға тыйым салынатыны ескертіледі. Қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтау өрттің алдын алып, орман экожүйесін сақтауға сеп болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шағын модульдік реакторлар Қазақстанның энергетикалық болашағын қалай өзгертеді?

Бүгін 16:11

Ұлттық ұлан сержанты әке арманы үшін велосипедпен 900 шақырым жүріп өтті

Бүгін 15:49

Онкологиядағы жаңа модель немесе медициналық көмектің заманауи тәсілдері

Бүгін 15:36

Өрттің 90%-на адамның өзі себеп болады - «Қазавиаорманқорғау»

Бүгін 15:11

Донат пен хайп үшін шектен шыққан 9 стример жазаланды

Бүгін 14:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);