AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Ұлттық ойындар көрігін қыздырды

Ұлттық ойындар көрігін қыздырды

Спорт 11.04.2025, 14:05 645 Нұржамал Әлішева
Ұлттық ойындар көрігін қыздырды
Сурет: автор

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты  №11 мекемесінде жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында Алматы қаласы Спорт басқармасы «Ұлттық спорт және ат спорты түрлері спорт клубының» қолдауымен ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Нақтырақ айтсақ, жастар асық атудан, 16 кг гір тасын көтеруден, арқан тартудан және тоғызқұмалақ ойнап жарысты. Асық ату спортының жаттықтырушылары  Рауан Тоқтарбай, Архат Сейітқожанов балалармен топтық ойындар өткізіп, жеңімпаздарды анықтады. Гір тасын көтеру жаттықтырушысы Ернар Әбиқожа және тоғызқұмалақтан Берік Сембаев, арқан тартыс ойынын қадағалаған Ермұхан Шарқабаев та қызықты ойындар өрнегін көрсете білген жастарға қызықты кеш сыйлады. 

– Ұлттық және ат спорты түрлері спорт клубының құрамында тек ат спорты ғана емес, асық ату, дәстүрлі садақ ату, жекпе-жек, құсбегілік, тоғызқұмалақ, қазақ күресі сынды ұлттық ойындар да бар. Ұлттық спорт дегенде – ұлттық рух, мәдениетіміз бен дәстүріміз еске түседі. Жалпы, кейінгі жылдары елімізде ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Жастар арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттау – басты мақсат. Гір көтеруге білек күші, тоғызқұмалақ ойнауға зеректік, ал асық атуға дәлдік, мергендік керек. Балалар колониясында да спортты сүйетін, бас бостандығынан айырылса да салауатты өмір салтын ұстанатын осындай сергек жастардың көптігіне қуандық, – дейді Рауан Тоқтарбай.

Жеңімпаздарға Алматы қаласы Спорт басқармасының мақтау қағаздары табысталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ойын #спорт #жарыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);