AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ұлттық ғылым академиясы тұңғыш рет әлемнің жетекші...

Ұлттық ғылым академиясы тұңғыш рет әлемнің жетекші ғалымдарын шетелдік мүше етіп сайлады

Білім және ғылым 19.03.2026, 16:31 196
Ұлттық ғылым академиясы тұңғыш рет әлемнің жетекші ғалымдарын шетелдік мүше етіп сайлады
Ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы әлемдік ғылыми қауымдастықпен ынтымақтастықты нығайту жолында маңызды қадам жасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Академияның 2026 жылғы 16 наурыздағы №1 Жалпы жиналысының шешімімен алғаш рет Академияның шетелдік мүшелері сайланды. Бұл шешім отандық ғылымды жаһандық ғылыми кеңістікке интеграциялауға, халықаралық ғылыми әріптестікті дамытуға және озық білім мен тәжірибе алмасуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Академияның шетелдік мүшелері болып әлемдік деңгейдегі көрнекті ғалымдар сайланды:

КРАСНИКОВ Геннадий Яковлевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясының президенті. Жартылай өткізгіш құрылғылар физикасы, микро және наноэлектроника саласының жетекші ғалымы. Аса үлкен интегралдық схемаларды жасау саласының маманы.

ГО Хуадун (郭华东) – Ph.D, профессор, Қытай ғылым академиясының академигі, Тұрақты даму мақсаттарына арналған Үлкен деректер жөніндегі халықаралық зерттеу орталығының директоры (ҚХР). Жасанды интеллект және кеңістіктік-уақыттық модельдеу саласының жетекші ғалымы. Радиолокациялық зондтау және Жер туралы үлкен деректер саласының маманы.

ШОБЕР Хельмут (Schober Helmut) – Ph.D, профессор, Еуропалық нейтрондық зерттеу орталығының директоры (Швеция). Атом энергетикасы саласының жетекші ғалымы. Нейтрондық физика және нейтрондардың затпен өзара әрекеттесуі саласының маманы.

ЭЛЛИОТТ Марк Кристофер (Mark C. Elliott) – Ph.D, профессор, Гарвард университетінің вице-провосты (АҚШ). Жетекші синолог-ғалым, Қытай мен Еуразия тарихы мен саясаты саласының маманы. Империялық кезеңдегі Ішкі Азия бойынша маман.

Аталған шешім Қазақстан ғылымының халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға және әлемдік ғылыми элитамен тығыз байланыс орнатуға бағытталған. Шетелдік мүшелердің қатысуы бірлескен ғылыми зерттеулерді дамытуға, инновациялық жобаларды іске асыруға және ғылыми кадрларды даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы алдағы уақытта да халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және елдің ғылыми әлеуетін дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ғылым академиясы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Щучинсктегі дәмхана жарылысы: қаза тапқандар саны 12-ге жетті

Бүгін 12:23

Қарағанды ауруханада бала көз жұмды: министрлік мәлімдеме жасады

Бүгін 11:37

Рыбакина Германиядағы WTA-500 турнирінің финалына шықты

Бүгін 09:36

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 09:10

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Кеше 17:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика