Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ұлттық ғылым академиясының жаңа сайланған академик...

Ұлттық ғылым академиясының жаңа сайланған академиктері таныстырылды

Білім және ғылым 20.12.2024, 19:19 890
Ұлттық ғылым академиясының жаңа сайланған академиктері таныстырылды
Суреттер: Қайрат Қонысбаев

Алматы қаласында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының жаңа сайланған академиктерінің таныстырылымы өтті.

 Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки, сондай-ақ ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен құрметті қонақтар қатысты.

"Ғылым ордасы" ғылыми-музей кешенінің кең залында өткен бұл салтанатты жиын ел өміріндегі маңызды оқиғаға айналды. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев өз сөзінде ғылымды әлемдік тәжірибе негізінде қайта жаңғырту бағытындағы маңызды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

– Биыл ғылым саласында көптеген маңызды оқиғалар болды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық ғылым академиясының қызметін түбегейлі өзгерту және оны ғылыми ойдың орталығына айналдыру үшін ауқымды жұмыстар атқарылды. Бүгінде Академия еліміздің жетекші ғалымдарының басын қосқан жоғары ғылыми ұйым ретінде танылды. Қазіргі таңда қоғам ғылымнан заманауи мәселелерді шешу жолдарын, сондай-ақ болашақ қауіп-қатерлерді болжай алатын нақты ұсыныстар күтуде. Бұл міндеттерді жүзеге асыру – жаңа сайланған академиктердің басты жауапкершілігі, – деді Ақылбек Күрішбаев.

Дархан Ахмед-Заки жаңа академиктерді құттықтап, ғылымды халықаралық деңгейде дамытуға үлес қосқан барлық ғалымдарға алғысын білдірді. Сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың құттықтауын жеткізді.

Жиын барысында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының жаңа сегіз толық мүшесі таныстырылды. Олардың қатарында медицина саласынан Юрий Пя мен Диляра Қайдарова, тарихтан Жәкен Таймағамбетов, физика мен математикадан Айдархан Қалтаев, ядролық ғылымнан Ерлан Батырбеков, техникалық ғылымдардан Бағдат Телтаев, химиядан Жұмабай Бәкенов, ветеринариядан Мұхит Орынбаев бар. Оларға арнайы дипломдар табысталды.

Академиктер өз сөздерінде ғылым саласындағы жетістіктері мен алдағы жоспарларымен бөлісті. Археолог, тарих ғылымдарының докторы Жәкен Таймағамбетов өзінің өмір жолын баяндап, ғылымды дамыту үшін ортақ күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.

Ал Диляра Қайдарова ел бойынша өкпе қатерлі ісігін ерте анықтау скринингін күшейту жоспарын ортаға салып, бұл бағдарламаның пациенттерге уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік беретінін айтты.

Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, қазақ эстрадасының танымал әншілері мен "Алатау" дәстүрлі өнер театрының әртістері өнер көрсетті. Жиын барысында Академия қызметі аясында жүзеге асқан ғылыми жетістіктер көрмесі де ұйымдастырылды.

Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы алдағы уақытта да ғылымды дамытуға бағытталған нақты міндеттерді іске асыруды жалғастырады. Биыл алғашқы рет Жастар кеңесі құрылып, жас ғалымдардың тұңғыш конгресі өтті. Халықаралық ынтымақтастық аясында әлемнің жетекші ғылыми ұйымдарымен 27 меморандумға қол қойылып, бірлескен орталықтар ашылды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ғылым академиясы #жаңа академиктер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика