Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық гидрогеология қызметі қайта құрылады - През...

Ұлттық гидрогеология қызметі қайта құрылады - Президент

Әлеумет 25.04.2024, 09:15 1,040
Ұлттық гидрогеология қызметі қайта құрылады - Президент
Сурет: Gov.kz




Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысында елдегі су тасқыны жағдайын қозғап, мемлекет тарапынан пәрменді шаралар қабылануы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.












«Апаттарға қарсы күрестің тиімді жүйесін құруды көздейтін күрделі шаруа шешімін табуы керек. Сондықтан табиғат апаттарымен күресетін пәрменді шаралар қабылдау үшін мемлекет пен ғылымның ықпалдастығын іс жүзінде қайтадан түзу қажет. Менің тапсырмаммен Тараздағы Қазақ гидромелиорация-құрылыс институты қайта құрылады. Сондай-ақ Алматыдағы Сейсмология институтының әлеуеті күшейеді. Климат өзгерістерін зерттеп, тежеуге айрықша назар аударылады. Су шаруашылығы саласын басқару жүйесі, оның ішінде «ҚазСуШар», «Нұра топтық су құбыры» сияқты компаниялар да түгел қайта құрылады», - деді Президент.



Айта кетсек, Қазақстандағы бөгеттер мен бөгендердің барлығы дерлік өткен ғасырдың 50-70 жылдары салынған. Заман талабына сай су қоймалары тапшы болғандықтан, биылғы тасқынның зардабы тіпті ауыр болды. Сондықтан Қазақстанның 11 аймағында жаңадан 20 бөген салынады, тағы 15-іне күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонда 134 елді мекенді су басу қатері едәуір азаяды.


Мемлекет басшысы су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасына тасқынның алдын алу және оның салдарын азайту шаралары қосылатынын мәлімдеді. Бұл шаралар халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленеді.



«Төтенше жағдайлар министрлігінің техникалық базасын жаңартамыз. Оның арнайы техникасының, тікұшақтары мен ұшақтарының санын көбейтеміз. Ұлттық гидрогеология қызметі қайта құрылады. Бұл қызмет жер асты су ресурстарын барлау және қорғау жұмысымен айналысады. Қоршаған ортаның жай-күйіне бәріміз жауаптымыз, мұны естен шығармау керек. Қоғамда экология мәдениетін қалыптастырып, табиғатты аялау қағидасын дәріптеген жөн. Менің бастамаммен елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны өтіп жатыр. Мұндай шаралар су тасқыны болған аймақтарда да ұйымдастырылады. Ескертемін, бұл – ешқандай да бір реттік іс-шара емес. Барлық өңірде аумақтарды көгалдандыруға және тазалауға көп көңіл бөлу керек. Әркім ортақ іске үлес қосатын болса, еліміз көркейе түседі», - деп түсіндірді Қасым-Жомарт Кемелұлы.



Ел Президенті қоғам мүлкіне залал келтіретін адамдар заңмен жауапқа тартылатынын еске салды.



«Әкімдер Үкіметпен бірлесіп жергілікті жолдарды жөндеуге кірісуі қажет. Бұл жұмыстар әкімдердің қызметін бағалайтын негізгі индикаторлар тізіміне енгізіледі», - деп қосты Мемлекет басшысы.







Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық гидрогеология #қызмет #қайта құру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін 10:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика