AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Ұлттық банк валюталық операцияларға қатысты жаңа е...

Ұлттық банк валюталық операцияларға қатысты жаңа ережелерді бекітті

Экономика 10.04.2026, 10:18 142 yakiya
Ұлттық банк валюталық операцияларға қатысты жаңа ережелерді бекітті

Жаңа талаптарға сәйкес валюталық бақылау күшейтілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылғы 31 наурызда Ұлттық банк басқармасының қаулысымен валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша бірқатар өзгерістер енгізілді.

Жаңа талаптарға сәйкес:

валюталық бақылау күшейтілді – енді банктер барлық операцияларды мұқият тексеріп, заңбұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті органдарға хабарлайды;

шекті сомалар белгіленді: жеке тұлғалар үшін – 10 мың АҚШ долларынан, заңды тұлғалар үшін – 50 мың доллардан бастап;

кейбір операциялар бойынша валюталық шарттың есептік нөмірін алу міндеттеледі;

кәсіпкерлер валюта сатып алу мақсатын құжат жүзінде растауы тиіс;

капиталды заңсыз әкету қаупі бар операцияларға (аударымдар, қарыздар, экономикалық негізі жоқ мәмілелер) бақылау күшейтіледі.

Сонымен қатар, жеке тұлғалар үшін бірқатар жеңілдіктер сақталған. Атап айтқанда, 10 мың долларға дейінгі аударымдарды банкте шот ашпай-ақ жүзеге асыруға мүмкіндік бар.

Жаңа ережелер қаржылық тәртіпті нығайтуға, заңсыз ақша шығарумен күресуге және валюталық операциялардың ашықтығын арттыруға бағытталған.

Қаулы 2026 жылғы 19 сәуірден бастап күшіне енеді.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 12 шілдеге дейін келесі тармақтың қолданысы уақытша тоқтатылды:

Валюталық бақылау агенттері болып табылатын уәкілетті банк пен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы цифрлық құжаттар сервисіндегі деректерді пайдалануды тек иесінің келісімі болған жағдайда жүзеге асырады. Бұл келісім "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушы кабинетінде беріледі, сондай-ақ порталға тіркелген ұялы байланыс нөмірі арқылы бір реттік құпия сөз енгізу немесе порталдан келген хабарламаға қысқа мәтіндік жауап жіберу арқылы расталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#валюта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«JAS GALA – 2026»: Алматыда үздік студенттер марапатталды

Бүгін 14:20

Алматыда «Студенттік спорт лигасының» республикалық финалы басталды

Бүгін 14:15

Мемлекеттік қызмет – елге қызмет етудің жауапты жолы

Бүгін 14:13

Қолшатыр қауіпсіздікке қалқан бола ала ма?!

Бүгін 12:35

Әскери оркестр әуенімен өткен соңғы қоңырау: Алматыдағы №210 мектеп-лицейде ерекше шара өтті

Бүгін 12:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);