AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ұлттық аспапты заманауи стильде сөйлеткен қобызшы...

Ұлттық аспапты заманауи стильде сөйлеткен қобызшы көпті таңғалдырды

Мәдениет 10.07.2025, 10:47 917 Дина
Ұлттық аспапты заманауи стильде сөйлеткен қобызшы көпті таңғалдырды
сурет: кейіпкердің жеке архивінен

Көбіміз "қобыз" десе бірден Қорқыттың қыл-қобызын елестетеміз. Оның жаттанды үні миымызға сигнал беріп, құдды бір ескі дәуірге жетелегендей күй сыйлайдыү Алайда бұл аспаптың біз ойлағаннан да мүмкіншілігі жоғары екен. Гүлнұр есімді қарағандылық ару "прима-қобыз" атты аспаппен заманауи бағыттағы шығармаларды орындап, көптің көңілінен орын тепті. Ұлттық аспаптың үніне жаңа леп сыйлаған жас музыкант Аqshamnews.kz тілшісіне сұхбат берді. 

сурет: кейіпкердің жеке архивінен

Музыка әлеміне басқан алғашқы қадам

Гүлнұр Асылмұрат өнерге кішкентайынан жақын өскен. Қазір ол Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінде "қобыз- прима" мамандығы бойынша білім алып жатыр. Оқуымен қатар әлеуметтік желіде осы аспаппен заманауи танымал әндерді орындап, контент те жүргізеді. 

"Алғашында мен "прима-қобыз" деген аспаптың бар екенін білмеген едім. 1-сыныптан бастап бірнеше жыл домбыра үйірмесіне бардым. Кейін ән айтуға деген қызығушылығым басым болып, музыкалық мектептің дәстүрлі ән бөліміне ауыстым. Ол жерде бес жыл білім алдым. Осы уақыт аралығында "Сарыарқа әуендері" атты балалар фольклорлық ансамблінде әнші болып өнер көрсеттім", – дейді ол.

Дәстүрлі әнмен қатар қобызға деген қызығушылығы оянып, тіпті жетіген аспабын да меңгеріп алған екен. 

"Ұстазымның айтуынша, мен қобыз аспабына кеш келгенмін. Себебі бұл аспап өте күрделі. Оны 8-9 жастан бастап үйренген дұрыс. Ал мен қобызды 13 жасымда ғана қолға алдым. Соған қарамастан, дәстүрлі әнді 5 жыл, қобызды 4 жыл оқып, екі бағыт бойынша да аттестат алдым. Оқушы кезімде түрлі байқауларға қатысып, дәстүрлі ән, прима-қобыз және жетіген номинацияларында бірнеше рет I және II орындарға ие болып, лауреат атандым", – дейді Гүлнұр. 

"Бұл қобыз емес, скрипка ғой!"

Гүлнұр көбі прима-қобыз аспабы жайлы біле бермейтінін айтты. Желідегі видеоларына жұрт тіпті түрлі пікірлер қалдырып кетеді екен. 

"Көп адам қобыз десе бірден Қорқыттың қобызы мен көне дәуірдің қыл-қобызын елестетеді. Бірақ прима-қобыз жайлы әлі де көпшілік біле бермейді. Кейде видеоларыма "бұл қобыз емес, скрипка ғой" деген пікірлер жазып жатады. Алайда осы арқылы прима-қобызды танымайтындар да қызығып жатыр", – дейді Гүлнұр.

Ол бала кезінен заманауи әндерді музыкалық түйсік арқылы үйреніп, шетелдік хиттер мен қазақ әндерін қобызға салып, орындауды әдетке айналдырған. 

"Танымал жұлдыздармен коллаборациялар жасағым келеді"

Әлеуметтік желіде пікір жазып жатқан халықтың әрбір ойы Гүлнұр үшін маңызды. Ол қолдау білдірушілердің пікіріне әрдайым қуанатынын айтты. 

"Желіде пікір қалдырған адамдардың жылы лебіздері мені қатты қуантады. Қандай пікір болмасын мен үшін бәрі үлкен мотивация. Өнерім арқылы ұлттық аспапты өзгеше қырынан таныстырып жүрмін деген ой өзіме шабыт береді", – дейді ол.

Сондай-ақ, жас музыкант алдағы уақытта көптеген музыкалық жобада өнер көрсетіп, танымал тұлғалармен дуэс жасағысы келетінін жасырмады. 

"Қазір колледжде соңғы курста оқып жатырмын. Келешекте Алматы немесе Астанадағы жоғары оқу орнында кәсіби білімімді жетілдіргім келеді. Мақсатым – өз ісінің шебері, мықты қобызшы болу. Арманым – беделді оркестрлерде жұмыс істеу, үлкен сахналарда өнер көрсету. Сонымен қатар, Димаш Құдайберген, Қазыбек Құрайыш, "Илигай" тобы, Садраддин сияқты талантты музыканттармен бір сахнада өнер көрсету – менің арманым", – дейді қобызшы қыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қобыз #Аспап #Ұлттық рух #Музыка
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);