AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Ұлт ұстазының мерейтойы 1 қазан күні өтетін болды

Ұлт ұстазының мерейтойы 1 қазан күні өтетін болды

Тұлға 21.09.2022, 05:23 2,527
Ұлт ұстазының мерейтойы 1 қазан күні өтетін болды
Сурет: Dasturkb.kz

Қыркүйектің басында жоспарланған Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар Әулиекөл ауданындағы табиғи апаттың салдарынан кейінге шегерілген болатын.


Қазір жағдай біршама тұрақталып, Әулиекөлде баспанасыз қалған тұрғындарға арналған үй құрылысы қызу жүріп жатыр. Құрылыс қазан айының соңына дейін аяқталып, күн суытпай тұрғындарға берілетін түрі бар. Осыған орай, облыс басшылығы Ұлт ұстазының мерейтойын 1 қазан күні атап өтуді жоспарлап отыр. Мерекелік шаралар Ахмет Байтұрсынұлы және Торғай ауылдарында өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Облыс әкімдігі жариялаған бағдарлама бойынша шараға қатысушылар алдымен Ахмет Байтұрсынұлының кіндік қаны тамған Сарытүбек қонысындағы Ахаңның ақ кесенесіне тағзым жасайды. Осы жерде музей-үйдің тұсаукесері өтіп, ас беріледі.


Одан кейін Торғайда қазақ күресі, ат жарысы басталады. А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлына арналған ескерткіш ашылып, қос арыстың атындағы әдеби музейдің реэкспозиция жұмыстарынан кейінгі тұсаукесері өтеді. Сондай-ақ Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде ғылыми-практикалық конференция  өтеді деп жоспарланған.


Ұлт ұстазының 150 жылдығына арналған шаралар «Топжарған» стадионында өтетін мерекелік концертпен аяқталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлт ұстазы #ахмет #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті күшейту

Бүгін 19:27

Педагогтердің біліктілігін жүйелі арттыру және жасанды интеллект құзыреттерін дамыту

Бүгін 19:25

Жасанды интеллект педагогті қолдайтын құралы ретінде

Бүгін 19:21

Білім беруде жасанды интеллектті қолданудың бірыңғай стандарттарын енгізу

Бүгін 19:19

Шағын жинақты ауыл мектептеріне ерекше назар

Бүгін 19:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);