AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Үлкен Алматы шыңында қалған туристер тікұшақпен құ...

Үлкен Алматы шыңында қалған туристер тікұшақпен құтқарылды

Оқиға 12.09.2021, 16:17 1,370
Үлкен Алматы шыңында қалған туристер тікұшақпен құтқарылды
Cурет: Inform.kz

Көтерілуге қиын тау шатқалынан бөлек, қолайсыз ауа райы да кері әсер еткен.


Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Үлкен Алматы шыңына көтерілген туристерді құтқарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.


Құтқарушыларға зардап шеккен адам туралы ақпарат 11 қыркүйекте келіп түскен. ТЖД жедел кезекшісінің айтуынша, Үлкен Алматы шыңы ауданында турист құлап, екі аяғын жарақаттаған.



«Республикалық жедел құтқару жасағының (РЖҚЖ) жедел тобы дереу оқиға орнына шықты. Құтқарушылар жедел автокөлікпен космостанцияға дейін жетіп, одан әрі жаяу барды. Біраздан соң Проходное шатқалы арқылы зардап шегушіге көмектесуге тағы бір жедел топты іске қосу туралы шешім қабылданды. Ер адам 12 қыркүйекте таңғы сағат 5-те табылды. Оның қасында тағы 2 адамның бары анықталды және олар жартасты жерде болған», - деп хабарлайды ҚР ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметі.



Хабарламада айтылғандай, туристер Үлкен Алматы шыңына бағыт алған. Қараңғы түскенше шыңға жетіп үлгермейтіндігін түсінген туристер кері қайтады. Қайтар жолды қысқартқысы келген туристер келген бағыттарынан тайып кеткен. Нәтижесінде олар қауіпті әрі тік жарға тап болған. Ал туристердің бірі 5 метрлік жардан құлап, екі аяғынан жарақат алған.
Құтқарылған ер адамға оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жәбірленушінің жағдайы қанағаттанарлық, дегенмен ауырлық тигізді. Көтерілуге қиын тау шатқалынан бөлек, межелі жерге жетуге ауа-райы да әсер етті. Сол сәтте қатты желмен қоса жаңбыр аралас қар жауды. Жәбірленушіні зембілмен ұзақ уақыт тасымалдау мүмкін болмаған соң әуе кемесі «Қазавиақұтқару» мекемесінің мамандарына жүгіну туралы шешім қабылданды.
Құтқарушылар ер адамды тікұшаққа дейін апарды, одан әрі зардап шегуші медицина және апаттар орталығына жеткізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы шыңы #туристер #құтқарушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы жастары қалдықтарға екінші өмір сыйлайды: қалада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр

Кеше 20:03

Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен 33 жыл ішінде $8 млрд-тан астам сомаға елуден астам жобаны жүзеге асырды

Кеше 19:30

Қазақстанда өңделген сүт өндірісі артты

Кеше 18:45

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-ші маусымның ашылуына орай «Мұра» open-air гала-концертін ұсынады

Кеше 17:58

Алматыда ақын Оразақын Асқардың тұрған үйіне ескерткіш- тақта орнатылды

Кеше 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);