AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұландық сарбаздар Алматы кітапханасында болды

Ұландық сарбаздар Алматы кітапханасында болды

Әлеумет 30.09.2024, 15:25 1,975 Bakyt
Ұландық сарбаздар Алматы кітапханасында болды
aqshamnews.kz

ҚР ІІМ Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 3650 әскери бөлімі Алматы қаласы орталықтаңдырылған кітапханалар жүйесімен бірлесіп ұлы ағартушы, қазақ әліпбиінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының құрметіне арналған «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты танымдық сағат өткізді. 

Аталған іс-шара Ахмет Байтұрсынұлының 152 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тілге құрмет – елге құрмет!» акциясы аясында ұйымдастырылды.

№ 26 кітапхана бөлімшесінің кітапханашысы Светлана Владимировна сарбаздарға ақынның өмірі мен шығармашылығы, ғылыми еңбектері жайында мәлімет берді. Ал қатардағы жауынгерлер Т.Қалмұханбет, Ы.Қасымжан, Д.Әуелхан ақынның өлеңдерінен үзінділер оқып, қанатты сөздерін айтты. Сонымен қатар акция аясында сарбаздар Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйіне барып дәріс тыңдады. Сарбаздар алдымен Ахмет Байтұрсынұлының саябағына соғып, ғалымның еңселі ескерткішіне тағзым етті. 

Музей-үйдің бөлім меңгерушісі Әділет Ахметұлы мен Манатжан Аширов сарбаздарға тарихи тұлғаның жәдігерлерін таныстырды. Өз кезегінде жас сарбаздар рухани мол азық алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #Ахмет Байтұрсынұлы #Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

1 шілдеден бастап Алматыда мүгедектігі бар адамдар үшін жаңа нысандардың қолжетімділігіне бақылау күшейтіледі

Бүгін 18:59

Алматыдағы қолжетімді орта: тексерулер қорытындысы бойынша 2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Бүгін 18:54

ҚазҰУ мен Журналистика академиясының бірлескен отырысы өтті

Бүгін 17:53

Алматылық дәрігерлер 9 жастағы баланы ажалдан арашалап, бүйрегін сақтап қалды

Бүгін 17:29

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ми институты ашылды

Бүгін 16:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);