Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үкімет отырысында әлеуметтік желіде сауда жасаушыл...

Үкімет отырысында әлеуметтік желіде сауда жасаушылардың реестрін құру ұсынысы көтерілді

Әлеумет 23.11.2021, 10:57 985
Үкімет отырысында әлеуметтік желіде сауда жасаушылардың реестрін құру ұсынысы көтерілді
Сурет: Inbusiness.kz

Әлеуметтік желі арқылы тапсырыс қабылдап, сауда жасаушылардың реестрін құру қажет 


Бұл ұсынысты «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Үкімет отырысында көтерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


«Пандемия электронды сауданы дамытудың драйверіне айналды. Мәселе алдау шараларының әлеуметтік желілерде дамығандығында – аккаунтты тегін ашу, анонимділік, қандай да бір тіркеудің болмауы, субъектінің орналасқан жерін белгілеудің мүмкін еместігі және осыған байланысты экономиканың осы бір көлеңкелі түрін төмендетуге қатысты әлеуметтік желілерде сатушылардың тізімін енгізу түрінде құқықтық шаралар қабылдау қажет деп санаймыз. Тұтынушы сатушының eGov-тағы реестрі арқылы, оның кім екенін репутациясы қандай екенін көре алады. Бұл да тұтынушының құқығын қорғауға көмектеседі ден сенеміз», деді палатаның басқарма төрағасы.


Оның айтуынша, әлеуметтік желі арқылы сатылған тауарды қайтарып беру, олардың сапасы туралы мәселелер заңда нақтылануы керек.



«Заң жүзінде онлайн платформалар мен интернет-дүкендердің тұтынушыларына қатысты құқықтарды қорғау жан-жақты реттелген. Алайда әлеуметтік желілерде тұтынушылардың құқықтарын реттеу мен қорғауда үлкен алшақтық бар. Тұтынушылар интернет арқылы, атап айтқанда, әлеуметтік желілерде тауарларды төлеу кезінде алдауға жиі тап болады.


Электрондық саудада тұтынушылардың құқықтарын пәрменді қорғау үшін азаматтық қоғам мемлекеттік порталдарда, әлеуметтік желілерде сатушыларды ерікті тіркеуді енгізуді ұсынып жүр. Сатушы өзінің сәйкестендіру нөмірін әлеуметтік желі бетінде көрсетуі керек. Оны сатып алушы белгілі бір мемлекеттік порталда тексере алуы шарт», деді Абылай Мырзахметов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Реестр #әлеумкеттік желі #сауда жасаушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

12 жасқа дейінгі балаларға паспорт 5 жылға беріледі

Бүгін 16:09

Доллар арзандап кетті

Бүгін 16:03

Қазына іздеген қазақтар

Бүгін 15:50

Тоқаев Саясат Нұрбекті қабылдады

Бүгін 15:17

Алматыда ЮНИСЕФ-тің патронаждық қызметті дамыту жөніндегі кеңесі өтіп жатыр

Бүгін 14:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика