AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Үкімет басшысы медеицина қызметкерлерін кәсіби мер...

Үкімет басшысы медеицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Медицина 18.06.2023, 06:10 1,428
Үкімет басшысы медеицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
Сурет: Inform.kz

Ұлт денсаулығын нығайту – мемлекетіміздің ең маңызды басымдығы - Әлихан Смайылов.


Премьер-Министр Әлихан Смайылов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Сіздерді Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Адам өмірін сақтап, денсаулығын нығайту жолында ақ халатты абзал жандардың еңбегі ұшан-теңіз.


Әрдайым бақытты ғұмыр кешіп, қиын да ауыр еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер.


Ұлт денсаулығын нығайту – мемлекетіміздің ең маңызды басымдығы.


Қажыр-қайратты талап ететін осынау мәртебелі міндет ақ халатты абзал жандардың иығында екені сөзсіз.


Қазақстанда медицинаның бірқатар бағыты қазірдің өзінде халықаралық деңгейде табысты бәсекелестікке түсуде. Бүгінде халыққа жоғары технологиялық медицина қызметтері қолжетімді. Ұлттық ғылыми кардиохирургия, Ұлттық нейрохирургия, Ядролық медицина және басқа да көптеген заманауи медицина орталықтары жұмыс істеп тұр», - деп жазды Үкімет басшысы.



Ә.Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру басталғанын еске салды. Оның шеңберінде биыл 309 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны салынады.



«Мемлекет алдағы уақытта да қазақстандық дәрігерлердің еңбегін бағалап, әл-ауқатын жақсарту жолында бар күш-жігерін салады.


Ерен еңбектеріңіз үшін мың алғыс! Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, болашаққа сенім, абырой және табыс тілеймін!», - деді Премьер-Министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#премьер-министр #құттықтау #медицина мамандары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);