Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Үкімет басшысы: Кез келген бағдарлама бірінші кезе...

Үкімет басшысы: Кез келген бағдарлама бірінші кезекте халықтың табысын арттыруға бағытталуы тиіс

Қаржы 18.01.2022, 04:26 1,180
Үкімет басшысы: Кез келген бағдарлама бірінші кезекте халықтың табысын арттыруға бағытталуы тиіс
Сурет: Finobzor.ru

Жаппай тәртіпсіздіктер салдарын жою бағытында республикалық және жергілікті бюджеттерден шығынды өтеу үшін тиісті қаражат бөлінеді


Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап



«Атамекен» палатасы мародерліктен зардап шеккен бизнес субъектілерінің тізілімін жасады. Жаппай тәртіпсіздіктер салдарын жою жөніндегі үкіметтік және өңірлік комиссиялар жұмысын аяқтағаннан кейін республикалық және жергілікті бюджеттерден шығынды өтеу үшін тиісті қаражат бөлінеді. Сонымен қатар бизнеске түскен ауыртпалықты азайту үшін 2022 жылғы 1 ақпанға дейін мемлекеттік кіріс органдарының салықтық және кедендік тексерулері мен камералдық бақылау хабарламаларын беру уақытша тоқтатылады», - деді Ә. Смайылов.



Оның айтуынша, «Атамекен» палатасымен бірге Халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеп, қабылдау жоспарланып отыр.



«Біз үшін ең басты мақсат – халықтың табысын арттыру. Кез келген жоспар, кез келген бағдарлама бірінші кезекте халықтың табысын арттыруға бағытталуы тиіс. Басқарудың барлық деңгейінде жұмыстың тиімділігі дәл осы көрсеткіш бойынша бағаланатын болады», - деді Үкімет басшысы.



Оның сөзіне қарағанда, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары аясында жалақы мөлшері мен жобаларға қатысу мерзімі ұлғаяды. «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры мұқтаж балаларға заманауи және қымбат тұратын медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектерді алуына мүмкіндік береді.



«Жалпы, бұл жоспардың іске асырылуы қаңтар оқиғаларынан кейін елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жедел қалыпқа келтіруді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен әкімдерге аталған жоспардағы іс-шаралардың орындалуын жеке бақылауға алуды тапсырамын», - деді Премьер-Министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #үкімет #басшы #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика