Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Үкімет басшысы экономиканы жаңғырту жөніндегі мемл...

Үкімет басшысы экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

Экономика 18.07.2022, 11:47 1,638
Үкімет басшысы экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді
Сурет: Elorda.info

Әлихан Смайылов Қазақстан экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді.


Үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, салық салу нормалары, оның ішінде салық салу мақсаттары үшін «роялти» ұғымын қолдану, энергия өндіруші ұйымдардың мүлкіне салық салу объектісін айқындау бойынша, сондай-ақ ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін тауарлардың жаңартылған тізбесін қолдану мерзімдері қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 


Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-министр алғашқы екі мәселені барлық мүдделі тараптардың пікірін және әлеуметтік-экономикалық жағдайға ықтимал әсерін ескере отырып, қосымша пысықтауды тапсырды.


Сондай-ақ отырыста Қызылорда облысы Арал ауданы аумағында кальцийленген сода өндіру зауытын салу жобасы қаралды.


Оны іске асыру шамамен 140 млрд теңге инвестиция тартуға, 700-ден астам тұрақты жұмыс орнын құруға және жылына 300 мың тоннаға жуық өнім өндіру есебінен импортты алмастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Премьер-министр зауытқа қажетті инфрақұрылым құрылысын қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ жобаны инвесторлар тарту тұрғысынан пысықтауды жалғастыруды тапсырды.


Сонымен қатар отырысқа қатысушылар Ақтауда көп функционалды қонақ үй-туристік кешен салу мәселелерін талқылады. Бұл 170 млрд теңге инвестиция тартуға, 4000-ға жуық тікелей және жанама жұмыс орнын ашуға, сондай-ақ Маңғыстау облысына туристік ағынды 850 мың адамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.


Үкімет басшысы жобаны іске асыруды жеделдетуді және құрылысы басталған барлық объектілерді аяқтау үшін «ҚДБ» АҚ бюджеттік несие бөлу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.


Отырысқа қатысушылар мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру мәселесін де қарастырды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үкімет басшысы #экономиканы жаңғырту #отырыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30

Ресейдегі жаппай төбелеске қатысты СІМ жаңа мәлімет таратты

Бүгін 11:19

Танымал әнші Абай Бегей сегізінші рет әке атанды

Бүгін 10:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика