AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Үйінді астындағы үш ай

Үйінді астындағы үш ай

Әлем 17.05.2023, 03:50 2,101 Almaty-akshamy
Үйінді астындағы үш ай
Сурет: Ашық дереккөз

Сирияда жер сілкінісінен үш ай өткен соң үйінді астынан тірі адам шығарылды


Сириядағы жер сілкінісінен үш айға жуық уақыттан кейін құтқарушылар үйінді астынан тірі қалған ер адамды алып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 


Akhbar.fouri хабарлауынша, 16 мамырда желіде таратылған видеолардан бет-аузын сақал-мұрт басқан, қатты азып, терісі сүйегіне жабысып қалған ер адамның құтқарылған сәтін көруге болады.


Оның мұнша уақыт ішінде қалай аман қалғаны белгісіз. Құтқарушылар ер адамды дәрігерлерге тапсырды. Қазір ауруханада емделіп жатыр.


Айта кетейік, Сирияда 6 ақпанда күшті жер сілкінісі болды. Бірнеше күн бойы тірі қалғандарды іздеу-құтқару  жұмыстары жүргізілді. Жер сілкінісінен соң сегіз күн өткеннен кейін жергілікті билік 1500-ге жуық тұрғынның қаза тапқанын хабарлады.


Жер сілкінісінің ошағы көршілес Түркияның Кахраманмараш провинциясында болған. Мұнда президент Режеп Тайып Ердоған айтқандай, 49 мыңнан астам адам апаттың құрбаны болды. Магнитудасы 7,7 және 7,6 болатын дүмпулер екі елде тоғыз сағаттық аралықпен болды. Оның әсері Ливан, Ливия, Грузия, Армения, Израиль және Кипрде де сезілді.


Анкара жер сілкінісін «ғасыр апаты» деп атады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сирия #жер сілкінісі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);