Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Ұялыңыз ұрланса...

Ұялыңыз ұрланса...

Керек кеңес 07.12.2024, 14:09 865
Ұялыңыз ұрланса...
almaty-akshamy.kz

Қалта телефонын жоғалтып алған жағдайда не істеу керек?

Құрылғының қолды болғанына көз жеткізген соң ұялы байланыс операторының қолдау қызметіне хабарласу қажет, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мобильді құрылғының жоғалуы – сіздің жеке мәліметтеріңіздің жария болуына әкеледі.

Fingramota.kz-тің кеңесіне сай, бірінші әрекет: SIM-картаны бұғаттау. Бұл өте маңызды, себебі алаяқтар сіздің SIM-картаңызды басқа адамдарға қоңырау шалу және SMS немесе мессенджерлер арқылы зиянды хабарламалар жіберу арқылы пайдалана алады.

Мысалы, алаяқтар сіздің телефон кітапшаңыздағы байланыс иесіне  WhatsApp-қа «Фотодағы сен бе?» немесе «Қарашы, мынау қызық екен»  деген мәтіні бар файл жіберуі мүмкін. Ал ол файлды ашқаннан кейін пайдаланушының құрылғысына вирус жүктеледі.

Немесе алаяқтар ықтимал құрбандарға қоңырау шалып, дипфейкті пайдаланып, дауысыңызды салу арқылы шұғыл түрде ақша аударуды сұрауы мүмкін.

Егер қоңырау немесе хабарламалар сіздің телефоннан болса, оған қатысыңыз жоқ екенін дәлелдеу оңай болмайды. Сондықтан құрылғының жоғалуы анықталғаннан кейін ұялы байланыс операторының қолдау қызметіне хабарласу өте маңызды.

Бұғаттаудан кейін SIM-карта қоңыраулар мен басқа операциялар үшін қолжетімді болмайды. Бөгде адамдар сіздің нөміріңізді пайдалана алмайды, сонымен қатар алаяқтық үшін төлемдерді растай алмайды.

WhatsApp-ты қалпына келтіру үшін сол телефон нөмірі бар жаңа SIM-картаны іске қосып, SMS-хабарламада немесе телефон арқылы алатын алты таңбалы кодты енгізу арқылы WhatsApp-қа қайта тіркелу керек.

WhatsApp-қа қайта тіркелгеннен кейін жаңа смартфон жоғалған немесе ұрланған құрылғыдағы WhatsApp есептік жазбаңыздан автоматты түрде шығады, себебі бұл мессенджердің ерекшелігі – оны бір уақытта тек бір телефон нөміріне тіркеуге болады.

Аккаунтқа кіруді қалпына келтіргеннен кейін құрылғыны қорғауды екі факторлы аутентификация, кіру коды, саусақ ізі бойынша бұғаттауды ашу немесе телефон үлгісі үшін қолжетімді басқа әдістермен орнату ұсынылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#телефон #ұры #аккаунт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Орталық Азия мұраты» монографиясы жарық көрді

Бүгін 18:31

Қазақстан прокатына «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» деректі фильмі шығады

Бүгін 18:14

Алмаша Аренова: Қазақстан мен Орталық Азияның стратегиялық әріптестігі жаңа жаһандық жағдайда айрықша мәнге ие

Бүгін 18:10

Қазақстанда балалар күніне 130 минут TikTok көреді

Бүгін 18:04

Түркістан облысында 9 миллион теңге шығын келтірген күдікті ұсталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі