AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үй жануарларын есепке алу ережелері өзгерді

Үй жануарларын есепке алу ережелері өзгерді

Әлеумет 18.08.2026, 17:20 249
Үй жануарларын есепке алу ережелері өзгерді

Құжатқа сәйкес, иттер мен мысықтарды есепке алу міндетті түрде чип арқылы жүзеге асырылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өзге үй жануарларын есепке алу үшін оның иесі қажетті бұйымды немесе құралды өзі таңдап, сатып алады.

Бұған дейін үй жануарларының асқазан-ішек жолына енгізілетін болюстерді есепке алу құралы ретінде пайдалануға рұқсат етілген еді. Енді бұл норма қағидалардан алынып тасталды.

Сондай-ақ есепке алу құралын орнатқаннан кейін деректер базасына енгізілетін мәліметтердің тізімі кеңейтілді.

Оған мыналар кіреді:

  • жеке тұлға болып саналатын үй жануары иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) мен атауы;

  • жеке тұлғаның тұрғылықты жері немесе заңды тұлғаның орналасқан жері мен заңды мекенжайы;

  • үй жануары иесінің байланыс деректері;

  • үй жануары ұсталатын орын;

  • жануардың түрі, аты, тұқымы, жынысы, түсі, туған күні мен жасы;

  • есепке алу бұйымының немесе құралының түрі, нөмірі мен деректері;

  • үй жануарының жеке нөмірі;

  • жүргізілген вакцинация мен зарарсыздандыру туралы ақпарат;

  • үй жануары чипінің нөмірі. Иттер мен мысықтар үшін бұл мәліметті көрсету міндетті.

Сонымен қатар қағидалардан "ветеринар", "зоологиялық қонақүй", "байланыс зоопаркі", "жылжымалы хайуанаттар бағы" және "аулау қызметі" ұғымдары алынып тасталды.

Бұйрық 2026 жылғы 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үй жануарлары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағы қайта жаңғырту кезеңінде толық жабылады

Бүгін 09:05

Алматыда өткен тәулікте 1 826 рет жол ережесі бұзылған

Бүгін 08:58

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы түнгі уақытта шектеледі

Кеше 19:33

«Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам қатысушы тіркелді

Кеше 18:21

Қазақстанда 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында ЖІӨ 4,1%-ға өсті

Кеше 17:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);