AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҰБТ-ның шекті балдары жарияланды

ҰБТ-ның шекті балдары жарияланды

Білім және ғылым 31.01.2024, 12:13 1,611
ҰБТ-ның шекті балдары жарияланды
Сурет: ашық дереккөз

2024 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін шекті балл өзгеріссіз, кемінде 50 балл және ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл болып қалды.


Алайда, оқуға түсу үшін 50-ден астам балл жинау қажет дайындық бағыттары бар. Ең жоғары шекті балл – кемінде 75 балл «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру бағдарламаларына түсу үшін бекітілген, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» бағыты бойынша оқуға шешім қабылдаған талапкерлер ҰБТ-да кемінде 70 балл жинауы тиіс. Ал ұлттық жоғары оқу орындарына «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» және «Ветеринария» мамандығына түскісі келетіндерге кемінде 60 балл жинау қажет.



«Сондай-ақ, талапкерлер әр жоғары оқу орны өзінің шекті балын қоя алатындығын да ескеру керек. Бұл құқық оларға төрт жыл бұрын академиялық еркіндік негізінде берілген еді. Мысалы, 80 балл жинаған талапкер математика мұғалімі мамандығына ұлттық жоо-ға түскісі келеді. Баршаға мәлім, «Педагогикалық ғылымдарға» шекті балл кемінде 75 балл, ал ұлттық оқу орындарына – кемінде 65 балл. Оқушының жинаған ұпайы жетіп тұр. Алайда, таңдалған университетте оқушының оқығысы келген мамандыққа шекті балл 85-тен басталады. Демек, оқушыға шекті балын 80-ге дейін белгілеген университетті іздеу керек. Жоғары оқу орындарының шекті балы жақын арада ҰТО сайтында жарияланады», - деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.



Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстан тарихы» және екі бейіндік пән бойынша шекті балл – кемінде 5 балл, ал «Оқу сауаттылығы» және «Математикалық сауаттылық» пәндері бойынша шекті балл – кемінде 3 балл.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰБТ #жоғары оқу #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі

Бүгін 18:15

Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды

Бүгін 18:00

«Таза Қазақстан»: Алматыда «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқауларының жеңімпаздары анықталды

Бүгін 17:52

Жыл соңына дейін eGov GPT арқылы 150-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсету жоспарланып отыр

Бүгін 17:45

Жазыл да ұтып ал!

Бүгін 17:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);