AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҰБТ-да ең жоғары 139 балл жинаған екі оқушының қул...

ҰБТ-да ең жоғары 139 балл жинаған екі оқушының қулыққа барғаны белгілі болды

Білім және ғылым 10.06.2022, 16:00 1,724 Almaty-akshamy
ҰБТ-да ең жоғары 139 балл жинаған екі оқушының қулыққа барғаны белгілі болды
Cурет: Ашық дереккөз

Талапкерлердің бейнежазбасын қайта тексеру барысында ереже бұзу фактілері анықталды


Биылғы ҰБТ басталғалы бері 139 балл жинаған екі талапкер тіркелді. Дегенмен қайта тексеру кезінде аталған оқушылардың ереже бұзғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл жайында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев хабардар етті.



«Сіздер ҰБТ-да өз біліміңізбен жоғары ұпай жинасаңыздар, біз қатты қуанамыз. Бірақ академиялық адалдық қағидаларын сақтамай, оңай тапсыру жолдарына жүгінетін талапкерлер бар. Сондықтан сіздерге қуанышты жаңалықты айтар алдында қосымша тексеріс жүргізуді жөн көрдік. Өкінішке қарай, талапкерлердің бейнежазбасын қайта тексеру барысында ереже бұзу фактілері анықталды. Тиісті шаралар қолданып, тестіленушілердің ұпайын жойдық» - деп жазды Руслан Емелбаев Instagram парақшасында.




Оның айтуынша, академиялық адалдық бәрінен жоғары тұруы тиіс.



«Өзіңізді де, өзгелерді де алдаудың қажеті жоқ. Ең дұрысы армандарыңызға адал жолмен жетіңіздер. ҰБТ-да терең білімінің арқасында 140 балл жинайтын тест тапсырушы табылады деп сенеміз. Ол дәл сіз болуыңыз мүмкін, біз сізді күтеміз. Менің жеке нөмірім ашық жарияланған, Сіздер әлеуметтік желілерде жазып жатқан әр хабарламаны оқимын. Осыған дейін жазғанымдай, дәл қазір біз 100-ден аса ерекше жоғары балл (20+ балдан 90+ балға дейін) жинаған талапкерлердің бейнежазбасын қосымша тексерістен өткізіп жатырмыз. Ереже бұзушылықтың арқасында қол жеткен бүкіл нәтиже жойылады»,- деп атап өтті орталық директоры.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰБТ #тест #Талапкер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңке

Кеше 19:54

Алматы әкімі «Вечерний Алматы» газетінің журналистерін басылымның 90 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік наградалармен марапаттады

Кеше 19:50

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 19:10

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты

Кеше 19:08

Астаналық оқушылар АҚШ-тағы әлемдік STEM жарысында топ жарды

Кеше 19:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);