AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Уақыт белдеуі бір айдың ішінде қайта талқылануы мү...

Уақыт белдеуі бір айдың ішінде қайта талқылануы мүмкін

Әлеумет 13.09.2024, 16:21 2,070 Дана Әмірова
Уақыт белдеуі бір айдың ішінде қайта талқылануы мүмкін
Сурет: Aikyn.kz

Қазақстандағы ықпалды Amanat партиясының депутаттары жақында әлеуметтік желілерде бейнеролик жариялады. Онда олар мемлекет бойынша бірыңғай уақыт белдеуін енгізуді қайта қарауға шақырды. Бірнеше өңірге бұл өзгерістер келеңсіздік әкелгенін айтты. Келесі Үкімет сағатында бұл сұрақты талқылауға шығаруға дайын екендіктерін білдірді. Taspanews.kz корреспонденті Ринат Зайытовпен хабарласып, шешім олардың қатысуынсыз қабылданғанын және мәжіліс депутаттарына пікір білдіруге мүмкіндік берілмегенін білді.

 

«Ыңғайсыз уақыт»

Уақыт белдеуін қайта қарауға бастама көтергендер қатарында Ринат Зайытовпен бірге Нұртай Сабилянов, Ұлықбек Тұмашинов, Мақсат Толықпаев, Самат Нұртаза және Гүлдара Нұрымова бар. Олар өз деректерінде бірыңғай уақыт белдеуі тек Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан облысы тұрғындары үшін ғана қолайлы екенін айтты. Алайда, қарама-қайшылықтар да барын жеткізді. Мәселен, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай облыстары және Жетісу өңірлерінде айтарлықтай келеңсіздіктер туған. Бұл өңірлерде таңғы сағат үш жарымда күн шығып, кешкі сағат бестерде батып кетеді.

«Екінші, үшінші ауысымда оқитын оқушылар не істемек?» — деп депутаттар халықтың сөзін сөйледі.

Осылайша, Үкімет бұл жаңа ұсынысты қарауға уәде берді. Вице-премьер Тамара Дүйсенова шешім қабылданғаннан бері бір жыл өтпесе де, депутаттар келтіретін дәлелдер қарастырылатынын айтты.

 

Мәжілісте талқыланбаған сұрақ

Ринат Зайытов Taspanews.kz тілшісіне уақыт белдеуін ауыстыру Қазақстанның кей облыстарында ыңғайсыздық туғызғанын айтты.

«Сол облыстарда тұрып жатқан халықтың күнделікті тіршілігінің ырғағы бұзылып отыр. Өзгертпесе болмайды оны. Бірақ, әдеттегі «естуші үкіметіміз» тағы ойлану керек деп жатыр. Бұл кеше ғана көтерілген мәселе емес. Шешімін таппаған соң, бір топ депутат — бірі Абай облысының, бірі Шығыс Қазақстан облысының өкілдерімен бірігіп, бастама көтердік», — деді ол.

Ол бұл мәселеде соңғы сөз Үкімет тарапынан екенін айтты.

«Бұл солардың қаулысы ғой. Оны Парламент қабылдаған жоқ қой, уақытты ауыстыруды», — деді мәжіліс депутаты.

Ол сөзінде мәселені талқылауға «ертең болса да дайын» екенін айтты.

«Тек Үкіметтің жауабын күтіп отырмыз, талқылау қашан болатыны туралы. Қазір арнайы фракция бар, бізде келіссөз жүргізетін, мәжілістің аппараты бар. Солар уақытын белгілейді. Ары кетсе, осы айдың ішінде талқылау болуы керек», — деді Ринат Зайытов.

Ол талқылауға әріптестерімен бірге тиянақты дайындалғанын айтты. Экологтан бастап, уақыт мәселесі бойынша мамандар мен дәрігерлерден дәлелдер жинағандарын, олардың уәждерін келтіру ғана қалғанын жеткізді.

«Үкіметтің өзінің уәжі бар. Бірақ онда ешқандай негіздеме жоқ. Экономикамыз өседі деген, қайда?» — деді ол.

Ол енгізілген өзгерістер бұрынырақта Мәжілісте талқыланбағандықтан, өз келіспеушілігін білдіре алмағанын түсіндірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Уақыт белдеуі #Ринат Зайытов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);