AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Түшкіруді тежеудің қаупі қандай?

Түшкіруді тежеудің қаупі қандай?

Керек кеңес 22.01.2024, 07:21 1,910
Түшкіруді тежеудің қаупі қандай?
Сурет: Ferra.ru

Түшкірік – адам алдын ала болжай алмайтын, шартты рефлекс арқылы болатын, адамға жаратылысынан берілген қасиет.


Түшкіру денсаулыққа өте пайдалы әдеттердің бірі. Ғалымдар оның адам ағзасының дұрыс жұмыс жасауына көмек үшін табиғаттан берілген шартты рефлекс екенін дәлелдеген.


Медицина ғылымдарының айтуынша, мұрын қуыстарына көптеген микробтар мен шаң жиналып қалса, ғылыми тілде айтқанда, «мұрын қуысы арқылы спазмалық түрде тыныс алу» болады. Басқаша айтқанда, қатты әрі  тез шыққан түшкірік мұрындағы бөгде заттар мен  артық шаңдарды ауаға итеріп шығарады.


Бірақ кей адам көпшілік ортада, мысалы жұмыс кеңсесінде, сабақта немесе маңызды жиындар мен жиналыстарда ойламаған жерден түшкіргісі келіп кетеді. Сондай сәттерде өзгелерге кедергі болмасын деген оймен түшкіргенін білдірмеу үшін мұрнын үстінен басып, кедергі жасап, оны тоқтатуға тырысады. Ресейлік мамандар бұлай жасау қауіпті екенін алға тартып отыр. Себебі, олай жасаудың салдары қауіпті болуы мүмкін екенін Роспотребнадзор ескертеді. Бұл туралы РИА Новости «Санпросвет» департаментінің ұсыныстарына сілтеме жасай отырып жазады.


Түшкірген кезде тыныс алуды тежейтін адамдарға құлақ қалқанының зақымдануы, көздің тамырларының жыртылуы, мұрыннан қан кету, синустың зақымдануы, бас ауруы қаупі бар екендігі ескертілді.


Тыныс алу жолдарындағы жоғары қысым ми аневризмасының жарылуына әкелуі мүмкін, бұл өмірге қауіп төндіреді, деп түсіндірді мамандар.


Дұрыс түшкіру үшін мамандардың айтуынша, мұрын мен ауызды жабу үшін матадан жасалған орамал немесе бір реттік қағаз майлықтар қажет, содан кейін қолды сабынмен жуу керек.



«Негізі адам күніне бір тет түшкіруі керек, ал егер сіз күні бойы түшкіріп мазасыздана бастасаңыз, онда сіздің тыныс жолдарыңызда бірдеңе дұрыс емес. Қас жұлып отырып түшкіретіндер де бар екен.  Соған қарап түшкіруге әсер ететін нерв талшықтарының қаста орналасқынын анықтадық», - дейді дәрігерлер.





 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түшкірік #кедергі жасау #шартты рефлекс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Төтеншеліктер алматылықтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті

Бүгін 09:17

Алматыда құрылыс нормаларын бұзған мердігерлер лицензиясынан айырылып жатыр

Бүгін 09:16

Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған ауқымды Open-Air концерт өтеді

Бүгін 09:12

Еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болатыны болжанды

Бүгін 08:32

Алматыда «КҮНШУАҚ» жазғы ойын-сауық алаңы ашылды

Кеше 19:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);