AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «ТҮРКСОЙ» ұйымы түркі мәдениетінің қайраткерлерін...

«ТҮРКСОЙ» ұйымы түркі мәдениетінің қайраткерлерін марапаттады

Мәдениет 25.03.2022, 12:24 2,864
«ТҮРКСОЙ» ұйымы түркі мәдениетінің қайраткерлерін марапаттады
Сурет: Egemen.kz

«Абай Құнанбайұлы», «Низами Гянджеви», «Шыңғыс Айтматов» және «Халдун Танер», «Тоқтоғұл Сатылған» атындағы алтын медальдар, сондай-ақ естелік табақшалар түркітілдес мемлекеттердің достығын нығайтуға еңбегі сіңген әртістерге табыс етілді.


Салтанатты шара түркі әлемі үшін ортақ Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 



«Әрине, біздің жасаған жұмысымыз мемлекеттеріміз арасындағы достығымызды нығайтады. Оның келешегі мол деп ойлаймын. Өзбекстан, Әзірбайжан, Америка, тіпті Жапонияда концерт бердік. Әр концерттің өзіндік ізі бар. Осындай түркітілдес ұйым, мемлекеттер мен олардың мәдени мұралары халықтың есінде қалады. Біз де «ТҮРКСОЙ» оркестрінің құрамында жүргенімізге өте қуаныштымыз. Алда әлі талай жоспарымыз бен тың шығармаларымыз бар», - дейді «Сазген сазы» фольклорлық-энографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі /Қазақстан/ Бағдат Тілегенов.


«Осы сәтті пайдала отырып, Дүйсен Қорабайұлы бастаған халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына марапатпен елеп-ескеріп жатқандығы үшін алғыс айтқым келеді. Шақырту, сый-құрмет пен марапаттарыңыз үшін көп рақмет! Мен үшін күтпеген тосынсый болды», - деді «Хорезм» музыкалық драма театрының директоры /Өзбекстан/ Динара Ибрагимова.



Айта кетейік, қазіргі таңда ТҮРКСОЙ ұйымы 350-ге тарта түркітілдес ел өнерпаздарының басын қосып, Наурыз мерекесіне арнап екі апталық бағдарлама әзірлеген. Ауқымды шара 2022 жылдың мәдени астанасы деп танылған Бурса қаласында осы айдың соңында қорытындыланбақ.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркі әлемі #Марапат #өнерпаздар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының саябағында: тазылар, бүркіттер, аңыз-әфсана кейіпкерлері

Бүгін 14:22

Бакуда қазақы үлгідегі Наурыз мерекесі кең көлемде тойлануда

Бүгін 14:14

Сайран көлінің жағасында Наурыз тойы өтіп жатыр

Бүгін 13:46

Руханият пен технология тоғысты: KitapFest–2026 жаңа форматта өтті

Бүгін 13:42

«Ұлы даланың ғажайыптары»: этно-көрме заманауи форматта үйлесім тапты

Бүгін 13:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика