Алматы қаласы Әкімінің экология мәселелері жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Түрксіб ауданында жұмыс кеңесі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Кеңес барысында жеке сектор мен шағын және орта бизнес нысандарын газдандыру, сондай-ақ аудандағы экологиялық ахуал талқыланды. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады.
Негізгі назар жеке тұрғын үйлерді газдандыруға аударылды: газ желілерін тарту және үйлерді газбен жабдықтау жүйесіне қосу мәселелері қаралды. Қатты отынды пайдаланатын ШОБ нысандары, ең алдымен кафелер, мейрамханалар мен моншалар жеке сөз болды.
Сондай-ақ контейнер алаңдарының санитарлық жағдайы, рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою және іргелес аумақтарды абаттандыру мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша тиісті бөлімшелерге барлық бағыт бойынша жұмысты жандандырып, анықталған кемшіліктерді жоюға тапсырма берілді.