AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Түрксіб ауданында абаттандыру жұмыстары қарқынды ж...

Түрксіб ауданында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Хабарлама 10.08.2021, 12:06 1,587
Түрксіб ауданында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Сурет: Кz.otyrar.kz

Түрксіб гүлденуде!


Түрксіб ауданында «Жас қанат» шағынауданындағы аулалар, әуежай тынымбағы, «Тіксай-Жарбұлақ» саябағы мен «Маяк» тоғайы абаттандырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматының Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала құрылысының үрдістері, ауданның алаңдары мен саябақтарына назар аудару, сондай-ақ спорт пен ойын алаңдарын орнату туралы айтты. Оның айтуынша, ағымдағы жылы «Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында ауданда 37 жоба жүзеге асырылмақ.



Іске асырылатын жобалардың ішінде: спорт пен балалар ойын алаңдарын орнату, аумақтарды көгалдандыру, қоғамдық орындарды жөндеу және жарықтандыру, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға арналған терең контейнерлік алаңдарды орнату. Бұл өзгерістер бүкіл Түрксіб ауданының аумағына  оң әсер ететін болады.


Б. Ақжаровтың айтуынша, «Бюджетке қатысудың» 28 жобасы жұмыс үстінде, ал тоғыз жоба бойынша конкурстар өткізілуде.



«Біз аудандағы аулаларды абаттандыруды жалғастырамыз. 2016 жылдан 2020 жылға дейін барлығы 496 аула жөнделді. Қазіргі уақытта «Жас қанат» шағынауданындағы 30 ауланы абаттандыру бойынша жұмыс жоспарланып отыр», - деді аудан әкімі.



Б. Ақжаров ауданда «Алтай-1» шағын ауданындағы жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылатынын айтты. Мұнда қала тұрғындары бос уақыттарын өткізе алады, спорттық ойындар ойнайды, бүкіл аумақ абаттандырылып, жарықтандырылады. Әкім қазіргі уақытта Сейфуллин алаңында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.


Сонымен қатар, әуежай мен Балалар шығармашылығы үйінің аумағындағы екі алаңды жаңарту жоспарлануда, қазірдің өзінде «Тіксай-Жарбұлақ» саябағы мен «Маяк» тоғайын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Сонымен қатар, ауданда көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Б. Ақжаровтың айтуынша, Түрксіб ауданының жасыл қорында 450 мың ағаш бар, бұл қаланың жасыл қорының 20%-ын құрайды.



«Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың миллион көшет отырғызу туралы тапсырмасын орындау аясында, Жасыл экономика басқармасымен бірлесіп, ауданда 40 мың көшет отырғызылды, жыл соңына дейін тағы 36 мыңын отырғызу жоспарлануда», - деді Б.Ақжаров.



Аудандағы 10 мың шаршы метрге жуық гүлзарларды күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түрксіб #аудан #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты

Бүгін 20:00

Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады

Бүгін 19:30

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты

Бүгін 19:00

Биылғы 9 айда экономиканың өсімі 4,2%-ды құрады: Үкіметте әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды

Бүгін 17:45

Алматының кейбір аудандарында көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);