конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Түрксіб ауданында 5500 абонент үшін су құбыры мен...

Түрксіб ауданында 5500 абонент үшін су құбыры мен кәріз жүйесі салынады

Әлеумет 13.12.2023, 14:25 1,300
Түрксіб ауданында 5500 абонент үшін су құбыры мен кәріз жүйесі салынады
Сурет: ашық дереккөз

2024 жылы Алматының Түрксіб ауданында 5500 абонент үшін су құбыры мен кәріз жүйесі салынады


Алматының Түрксіб ауданындағы Маяк, Нижняя пятилетка шағын аудандары мен Закарпатская көшесіндегі 5500 абонент үшін 131,3 шақырым су құбыры мен 56 шақырым кәріз құрылысының жобалары жүзеге асуда. Аяқталу мерзімі – 2024 жылы. Бұл туралы Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров Алматыдағы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мәлім етті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. Сондай-ақ, оның айтуынша, 2024 жылдың екінші тоқсанына Қайрат шағын ауданында 40 шақырым су құбыры және екінші кезектегі су бұру желілерін салу бойынша жұмыстарды бастау жоспарланған. 



«Ауданның орталық бөлігінде, Рысқұлов – Жансүгіров – Шолохов – Сейфуллин көшелерінің және Әуежай көлі ауданының 2 учаскесі бойынша сумен жабдықтау және кәріз желілерін жобалау жалғасуда. Құрылыс-монтаж жұмыстарының шамамен басталуы 2024 жылдың екінші тоқсаны», - деді Бақытжан Ақжаров.



Ол ағымдағы жылдың соңына дейін Әлмерек, Жас Қанат шағын аудандарында 2470 абонент үшін 17,6 км су құбыры мен 18,8 км кәріз құрылысы аяқталатынын атап өтті. Ал тамыз айында Шуақты шағын ауданында 400 үйді қамтитын сумен жабдықтау және су бұру желілері пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 20 мың абонентке қызмет көрсететін Тбилисская көшесінде 400 метрден астам кәріз эстакадасы реконструкцияланды. 


Түрксіб ауданының әкімі Шуақты шағын ауданында электр беру желілерін жаңғырту туралы да хабарлады. Оның деректері бойынша, Әлмерек, Нұршашқан, Қайрат шағын аудандарындағы желілер жаңғырту жалғасып жатыр, содан кейін тұрғындарды «АЖК» АҚ желілерімен қызмет көрсетуге ауыстыру жүргізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су #абонет #кәріз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жаңғыртудың жаңа кезеңіне қадам басты — Олжас Бектенов

Бүгін 09:18

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:14

Тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды – Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Бүгін 08:05

Дархан Сатыбалды: «Халық Конституциясы – Әділетті Қазақстанның төлқұжаты»

Бүгін 00:13

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

Кеше 18:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);