Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Түрксіб ауданы тұрғын үй қорын жаңартып жатыр

Түрксіб ауданы тұрғын үй қорын жаңартып жатыр

Әлеумет 23.07.2025, 13:09 576
Түрксіб ауданы тұрғын үй қорын жаңартып жатыр
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түрксіб ауданы тұрғын үй қорын оңалтуды көздейтін үлкен бағдарламаны іске асыра бастады. Аудандағы 582 үй тозған деп танылып, оларды біртіндеп бұзып, орнына осы заманғы көпқабатты тұрғын үй салмақ.  8 негізгі аумақты қамтитын бағдарламаны үлкен құрылыс компанияларымен бірлесіп қолға алған. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры барысында Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров осылай деді.

Реновация белсенді жүріп жатқан учаскенің бірі – Сауранбаев – Молдағалиев – Толстой – Чернышевский көшелері арасындағы аумақ. Мұнда ескі 3 үй бұзылып, орнына 152 пәтерден тұратын 7 жаңа көпқабатты тұрғын үй салынды, оның 37-сі тұрғындарды көшіру бағдарламасы аясында берілді. Жақын арада тағы екі үйді бұзып, сегіз жаңа тұрғын үй салмақ.

«Қазір, мысалы, біз «История» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында тұрмыз. Бұл кварталда екі-ақ ескі үй қалды. Бір үйдің тұрғындарын түгел көшірдік. Екіншісімен реновация бағдарламасына қатысу шарты бойынша келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бұған дейін осындағы үйлер сүріліп, орнына жаңа үйлер салуды бастағанбыз. Салынған үйдің бәрі ескі тұрғын үйлерді оңалту жобасы аясында бой көтеріп жатыр», – деді Бақытжан Ақжаров.

2021 жылдан бері бағдарлама аясында Түрксіб ауданында 28 ескі үй бұзылып, орнына 17 осы заманғы көпқабатты тұрғын үй салынды.

Бүгінде 500-ден астам меншік иесі жаңа, жайлы әрі қауіпсіздік және сапа талаптарына сай келетін пәтерлерге көшірілді.

«Айсұлтан» холдингтік компаниясы директорының орынбасары Ерген Бектұровтың айтуынша, көшіру бағдарламасына қатысқан тұрғындардың жағдайы едәуір жақсарған. 

«Біз кез келген жағдайда тұрғындарға үлкенірек баспана береміз. Бөлменің саны бойынша алады, заң бойынша. Бұрынғы үйлер барак болған, ең үлкені – 46 шаршы метр. Кей тұрғындар оны 3-4 бөлмеге бөліп пайдаланған. Біз сол бөлменің санына қарай пәтер береміз. Мысалы, біздің кешенде бір бөлмелі пәтердің өзі 33 шаршы метрден басталады. Егер тұрғынның екі бөлмелі пәтері болса, біз оған екі бөлмелі пәтер ұсынамыз, ол кемінде 56 шаршы метр», – деді ол.

Алдағы уақытта Түрксіб ауданында тағы 181 жаңа үй салынып, қалада қосымша 5640-тан астам пәтер пайда болады.

Түрксіб ауданындағы реновация бағдарламасы тұрғындардың өмір сапасын арттырып, ескі үйлерден арылуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Түркісіб #Тұрғынүй #Ескі үй #ескі үйлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика