AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Қазақстанд...

Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Қазақстандағы референдумға оң баға берді

Референдум 16.03.2026, 16:30 233 yakiya
Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Қазақстандағы референдумға оң баға берді

Қазақстанда өткен республикалық референдум халықаралық бақылаушылардың назарында болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенер Қазақстандағы дауыс беру процесіне оң баға беріп, сайлау халықаралық стандарттарға сай өткенін атап өтті.

Ахмет Йенердің айтуынша, Қазақстан халқының референдумға жоғары белсенділікпен қатысуы демократиялық үдерістің дамып келе жатқанын көрсетеді. Оның мәліметінше, жарияланған алдын ала нәтижелер бойынша халықтың 73,12 пайызы референдумға қатысып, ұсынылған өзгерістерді қолдаған.

«Қазақстан халқының сайлау учаскелеріне белсенді келіп, өз құқықтарын пайдаланып дауыс беруі демократия тұрғысынан өте қуанышты жағдай», – деді ол.

Бақылаушылар сайлау учаскелеріндегі жұмыс барысын да оң бағалады. Олардың айтуынша, учаске қызметкерлері кәсіби деңгейде жұмыс істеп, барлық сұрақтарға толық жауап берген. Бұл өз кезегінде сайлау комиссиясының алдын ала жүргізген дайындық жұмыстарының сапасын көрсетеді.

Сонымен қатар, халықаралық бақылаушылар ерекше атап өткен жаңашылдықтың бірі – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған ақпараттық жүйелер. Компьютерлік форматта ұсынылған түсіндірме материалдар сайлау процесін барынша қолжетімді еткен.

«Бұл тәжірибе біз үшін өте қызықты әрі пайдалы болды. Болашақта басқа елдердегі сайлау процестерінде де қолдануға болатын тәжірибе деп санаймыз», – деді Ахмет Йенер.

 Жалпы алғанда, халықаралық бақылаушылар Қазақстандағы референдум ашық, әділ және қауіпсіз жағдайда өткенін атап өтті. Олар азаматтардың дауыс беру құқығына үлкен мән берілгенін және барлық ұйымдастыру шаралары халықаралық стандарттарға сай жүзеге асырылғанын жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда HACKATHON 2026 өтті

Бүгін 21:39

Алматыда «Гүлденген мегаполис» атты көрме өтті

Бүгін 18:57

Майдангерлерге – 5 миллион теңге

Бүгін 18:50

Парижге жаяу барған 76 жастағы қария «Құрметті спорт қызметкері» атағын алды

Бүгін 18:47

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика