Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Түркістанда шекарадан қомақты қаржы алып өтпек бол...

Түркістанда шекарадан қомақты қаржы алып өтпек болғандар ұсталды

Әлеумет 08.06.2022, 14:44 1,124
Түркістанда шекарадан қомақты қаржы алып өтпек болғандар ұсталды
Cурет: Мемлекеттік кірістер департаменті

Кеден бекеті мен ҰҚК шекара қызметкерлері бірлесіп тосқауыл қойды


«Жібек жолы» және «Атамекен» кеден бекеттерінде Қазақстан, Ресей, Тәжікстан азаматтарына әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, олар Қазақстан заңнамасындағы қолма-қол ақшаны алып кетуге қойылған шектеуді бұзбақ болған.



«6 мауысымда «Жібек жолы» кеден бекеті арқылы Өзбекстан бағытындағы жолаушылар терминалында қолжүгін рентген-телевизиондық құрылғы арқылы тексеру кезінде, Тәжікстан азаматынан кедендік декларацияда көрсетілмеген қолма-қол 19 500 АҚШ доллары анықталды. Оған ӘҚБК-нің 545-бабы бойынша іс қозғалды», - деп жазды ведомстводан.



Осыған дейін, 18 мамырда «Атамекен» кеден бекетінде өзімен бірге 10 мың доллар, 82 500 теңге және 1 798 000 өзбек сомын алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталған. Оған кеден бекеті мен ҰҚК шекара қызметкерлері бірлесіп тосқауыл қойды. Бұл дерек бойынша жинақталған әкімшілік іс Мақтаарал аудандық сотына жолданды.



Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 20 мамыры күні осы кеден бекетінде орын алған оқиғаны да мәлімдеді. Кедендік бақылау кезінде Ресей азаматы өзімен бірге 13 800 АҚШ доллары мен 88 000 теңгені Өзбекстанға алып өту барысында анықталған. Бұл іс те Мақтаарал аудандық сотына жолданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кеден #қаржы #шекара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар әлем чемпионатын екі қола медальмен қорытындылады

Кеше 20:47

Алматыда ауа сапасын жақсарту бойынша жаңа шаралар: көмірді пайдалану мен құрылыс қалдықтарын реттеу

Кеше 20:09

Алматыда стационарлық шығарындыларға бақылау күшейтіледі

Кеше 20:05

Алматыда тозығы жеткен автокөліктерді сатып алу механизмі енгізіледі

Кеше 18:57

Алматылық спортшылар джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатында 38 медаль жеңіп алды

Кеше 18:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика